ШЖҚ "Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК жұмысы туралы ақпарат
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы облыс халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, 1949 жылы ұйымдастырылған, Павлодар қаласының ескі көпбейінді ауруханасы.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 18 маусымның №511 қаулысымен Павлодар облыстық ауруханасына Қазақ ССР еңбегі сіңген дәрігер Ғалым Сұлтановтың аты берілді.
Аурухана құрамына 367 төсек-орынға арналған стационар енеді; консультациялық-диагностикалық емхана Репродуктивті денсаулық орталығы және пренаталды диагностикасы; телемедицина орталығы, жылжымалы медициналық кешен.
1999 жылдан бастап аурухананы Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Павлодар облыстық мәслихатының бесінші және алтыншы шақырылымының депутаты Серім Уақапұлы Сыздықов ойдағыдай басқарып келеді.
2005 жылы күрделі жөндеуден кейін акушериялық-гинекологиялық корпус ашылды.
2008 жылдан бастап ең заманауи құралдарымен жабдықталған офтальмологиялық орталық ойдағыдай жұмыс атқарып келеді.
2012 жылғы 4-шілдеде ШЖҚ "Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК базасында Павлодар облысын денсаулық сақтау саласында жаңа жобасы ретінде танытатын Амбулаториялық хирургия және гинекология орталығы ашылды.
2014 жылы Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы облыс медициналық мекемелері арасында жалғыз болып 4 жылға аккредитациядан өтті, бұл қызмет сапасының жоғары стандартын, тиімділігін және емделуші үшін қауіпсіз екенің дәлелдейді.
2010 жылы Павлодар аймағы бойынша Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының травматолог-ортопед дәрігерлері жамбас буынына тоталды эндопротез (ауыстыру) бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсете бастады.
Екі рет, 2012 жылы және 2015 жылы Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы Павлодар облысының ең жақсы медициналық ұйымы болып танылды.
Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижесі бойынша Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы Республикада көпбейінді ауруханалар арасында бірінші орын алып, "Лидер отрасли 2014" медалімен марапатталды.
Соңғы бес жыл арасында облыстық деңгейде Қазақстан Республикасының ересек халқына стационарлық көмек көрсетіп жүрген, біздің аурухана, медициналық ауруханалар арасында ұлттық рейтингінің бірінші қатарында болып жүр.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы өткізген 2016 облыстық ересектердің көп бейінді стационардарды іріктеу 2016 жылғы қортындысы бойынша ШЖҚ "Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК бірінші орын алды.
2015 жылдан бастап ауруханада 25 төсек-орынға арналған ҰОС ардагерлері мен мүгедектері бөлімшесі ашылды. Бөлімшеде барлық жағдай жасалынған: 2-3 орындық палаталар, әр палатада тоңазытқыш, теледидар, санузел бар. Бөлімше қатты және жұмсақ инвентарьмен жабдықталған, Бөлімшеде жоғары мамандандырылған дәрігерлер жұмыс атқарады – уролог, невропатолог, офтальмолог. Онда заманауи құралдармен қамтамасыз етілген офтальмологиялық кабинет жұмыс жасайды.
2015 жылы эндоскопиялық бөлімшеде эндоскоптарды өндейтін MEDIVATORS DSD-201 дезинфекциялық-зарарсыздандыру қондырғысы орнатылған.
Бүгінгі күні сырқатты емдеу мен диагностикада инновациялық қарау қалыпты болды. 70% астам оталық араласулар бұл кіші инвазиялық оталар.
Хирургиялық бөлімшенің күнделік жұмысына жоғары мамандандырылған медициналық көмек оталары енгізілді: киста бойынша ұйқы безіне ішкі дренаж жасау, хирургияда ұйқы безінің корпорокаудалды резекциясы, сонымен бірге лапароскопиялық фундопликация отасы кең тараған.
Урологиялық бөлімшесінде еркек безінің эндоскопиялық ТУР аденомасы, контактілі лазерлі литотрипсия мен зәр шығару жолдарының стриктура мен жаңа пайда болған ісіктеріне шағын инвазиялық лазерлі оталар енгізілді.
Офтальмологиялық бөлімшесінің дәрігерлері лизинг бойынша алынған ең заманауи құралдарда жұмыс жасайды – офтальмологиялық коагулярлы лазерьде, когеренттік томографта, INFINITI ультрадыбыстық оталық жүйесі. Бұл аппаратура науқастарға катарактаға тігіссіз әдіс арқылы жасанды қарашықты салу микрохирургиялық оталар жасауына мүмкіндік туғызады. Барлық оталардың 92% шағын инвазиялық оталар. INFINITI VISION офтальмологиялық жүйесін енгізуі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуіне мүмкіндік берді – трабелуэктомия, көз қарашығының энуклеациясы, бұл өзімен бірге стационарда болу уақытын қысқартады, тез арада сауығып кетіп және аз жарақат алуына алып келеді. Аустралияда шығарылған «Танго» атты лазерлі қондырғысы екі бағыт бойынша емдеуге мүмкіндік береді. Біреуі – глаукоманы емдеу, екіншісі – екіші рет пайда болған катарактаны емдеу.
Жаңа лазерлі аппараттарды қолданғаннан бері офтальмологиялық бөлімшесіне емге тұрған науқастардың кезегі азайды.
Гинекологиялық бөлімшесіне "LigaSure Covidien" аппараты сатып алынды.
Функционалды диагностика бөлімшесінде суретті үлкейтіп көруі мүмкіндігі бар мониторымен, зерттеу жазбасын компакт дискіге мұрағаттан сақтап қалатын және патологиялық бөлшектерді суретке түсіретін бейне принтері бар DVD rekorder деген "Олимпус", "Пентакс" фирмасының заманауи құралдарымен жабдықталған эндоскопиялық кабинет ойдағыдай жұмыс жасауда.
Травматология-ортопедия бөлімшесінде жамбас және тізе буынына эндопротез жасау (ауыстыру) бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде ерекше орын алуда. 2015 жылы ауруханада ЖММК бойынша 480 ота, 2016 жылы – 422, 2017 жылы – 412 ота ойдағыдай жасалды.
Оториноларингологиялық бөлімшесінде құлақтың есту қабілетін жақсарту оталары клипс протез қолдану арқылы құлақ ішіндегі сүйекті ауыстыру отасы, орта құлаққа санирлі отадан кейін есту жолына реконструкция жасалады.
2015 жылдан бастап Пренаталды диагностика орталығы жұмыс жасап келеді. Орталықта әр түрлі ауытқуларды алдын алу үшін биохимиялық скрининг (аналық), фенилкетонурияға және тума гипотиреозға неонаталды скрининг, ұрықтың хромосомды патологиясын анықтауына (Даун сырқаты) цитогенетикалық және пренаталды диагностикасы іске асырылады. 2013 жылдан бастап Қазақстанда бірінші болып «құрғақ дақ» әдісі арқылы зерттеу әдісі енгізілді. Бұл әдіс Республиканың басқа да облыстарында енгізілуде.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қол жетімділігін кеңейту мемлекеттік саясаты мен "Саламатты Қазақстан" Республикалық бағдарламасын іске асыру шегінде 2011 жылғы наурыз айынан бастап Камаз автокөлігі базасында жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасауда. Бұл терапиялық және хирургиялық бейінді рентгенологиялық қондырғыларымен, ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен, зертханамен, электркардиографиямен жабдықталған 8 дәрігерлік кабинеттен тұрады. Кешен бригадасының құрамына облыстық аурухананың және басқа да медициналық ұйымдардың білікті дәрігерлері енеді – терапевт, педиатр, зертханашылар, стоматологтар, ЛОР дәрігерлері, офтальмологтар, гинекологтар, УДЗ дәрігерлері, рентгенологтар мен хирургтар. Жылжымалы медициналық кешеннің басты мақсаты – облыстық шалғай ауыл тұрғындарына білікті дәрігерлік көмекті жақындату.
2009 жылғы қаңтар айынан бастап ауруханада Телемедицна орталығы жұмыс атқаруда. Облыстың алты ауданымен: Май, Щербақты, Баянауыл, Лебяжье, Ертіс, Железинка, сонымен қатар республикамыздың алдынғы қатардағы клиникалармен кеңес алмасу және бейнеконференц байланыс сеанстары өткізіледі. Барлық телемедицина сеанстары науқастарды, ультрадыбыстық зерттеулерді, рентгенологиялық суреттерін, электркардиограммаларын көрсету арқылы өтеді. Телемедицина орталығы арқылы облыстық аурухана дәрігерлері мен қалалық медициналық ұйымдарының дәрігерлері Республикалық ғылыми орталық мамандарымен кеңес өткізеді.
Аурухананың гематологиялық бөлімшесінде 2000 жылдан бастап Астана қаласының Ұлттық гематологиялық орталығында гемофилиямен ауратын науқастарды эндопротездеуіне (тамырларын ауыстыру) және онкогематологиялық ауру науқастарын сүйек кемігін аутотрансплантациясына дайындау жұмысы басталған.
2006 жылдан бастап жоғары технологиялық препатары антиденелермен толық көлемде емделеді:Бортезомибпен, Ритуксимабпен ол препараттар арқылы онкогематологиялық науқастарға бес жыл өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, созылмалы миелоид лейкозын емдеуіне арналған Алматы фармацевтикалық фабрикасы шығаратын өз тиімділігімен Швейцарияның аналогтарынан еш кем түспейтін терозинкиназа иматиниб-ингибиторымен емдеу. Соңғы жылдары Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларының алдынғы қатардағы гематологиялық орталықтарының гематолог дәрігерлерімен спутник байланысы (телемост) арқылы консилиум өткізу мүмкіндігі пайда болды.
2017 жылы Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының құрамына Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансерінің барлық бөлімшелері, сонымен бірге Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасының ересек бөлімшесі енді.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатымен 2007 жылы облыс бойынша бірінші болып Италияда өндірілген "Ньюстер-10" атты, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату құралы орнатылды.
ШЖҚ "Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК бір рет қолданыстың медициналық бұйымдарымен 100% қамтамасыз етілген.
Ота жасау барысында оталық аймақ ioban™2 (АҚШ) пленкасымен оқшаланады.
Хирургиялық иснтрументтерді зазарсыздандып және сақтауына
Финляндияда өндірілген "stericlin" фирмасының бір рет қолданысты зарарсыздандыру орауыш қорабы енгізілген.
Ауруханада медициналық инструменттерді зазарсыздандыру алдында жуу және дезинфекциялық құралдарымен ультрадыбыспен қоса өндеу үрдісі жетілдірілген.
Аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуына, сонымен бірге медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуына үлкен жұмыс өткізіледі. Медициналық құралдармен жабдықталу пайызы 88,54% құрайды.
Ауруханада кадрларды үзіліссіз кәсіби дамыту бағдарламасы іске асырылады.
Үзақ жылғы адал еңбегі үшін аурухана қызметкерлері мемлекеттік наградалармен белгіленген: төрт дәрігер Қазақстан Республикасының ордені мен медалідарымен наградталған, он бір дәрігер "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі", екі дәрігер "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төс белгілерімен наградталған. Аурухананың бас дәрігері С.У.Сыздықов "Құрмет" және Пирогов (Ресей) орденімен марапатталды.
2007 жылы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі А.Т.Мұсабековпен жараны лапаротомиялық тігу әдісі патенттелінді. Патент №12-3/2827.
2010 жылы травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі В.И.Макаров ординатор дәрігері А.Е.Пороховоймен бірлесіп "Сынған үзын түтікше сүйектерін емдеу кезінде интрамедуллярлы остеосинтезбен компрессті деротациялық тігісті үйлестіру тәсілін" ойлап шығаруына инновациялық патент алды.
2014 жылы терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі З.М.Смағұлова облыс конкурсының "Алтын фонендоскоп" номинациясының жеңімпазы болып аталды.
2014 жылы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты А.Т.Мұсабеков облыстық конкурсының Үздік дәрігер номинациясының жеңімпазы болды.
2015 жылы Қазақ эндоскопиялық хирургтер қауымдастығы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты А.Т.Мұсабековке әлеуметтік маңызды сырқаттарды емдеуде кіші инвазиялық оталарды енгізгені үшін медаль табыс етті.
Гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ғ.Қ.Құрманова облыс конкурсының «Өмір сыйлайтын қол» номинациясының жеңімпазы атанды.
2014-2015 жылдары Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының "Резус-Позитив" көңілді тапқырлар клубы Павлодар облысының медициналық ұйымдарының көңілді тапқырдар клубы арасында І орын алды.
2017 жылғы 15-желтоқсанда терапиялық бөлімшесінің меңгершуісі Замзагүл Мәдиқызы Смағұлова және травматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Андрей Ефимович Пороховой "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісімен наградталды.
Орталықтың мекенжайы:
Қазақстан, Павлодар, Салтыков-Щедрин к-сі, 63
Байланыс телефон нөмірі:
+7 (7182) ... - Көрсету
Жұмыс уақыты:
Пікірлер
Науқастардың пікірлері барлығы: 15