№3 Қалалық ауруханасы

Көпсалалы
Көпсалалы

ШЖҚ "№3 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК – Павлодар қаласының және Павлодар облысының ересек тұрғындарына шұғыл, сондай-ақ жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпбейінді стационар. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі жағдайында қызмет ететін аурухана 230 төсек орынға жайылған. №3 ПҚА алты клиникалық және жеті жәрдемші қызмет бар.

Үш жүз елу қызметкерден тұратын аурухана ұжымы медициналық көмектің жоғары сапалылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған міндеттерді орындайды. Аурухана миссиясы тұрғындарға сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуден тұрады.

Аурухана компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, бейнеэндоскопиялық хирургиялық кешенмен, ересектер үшін өкпені жасанды желдету аппаратымен, ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен, прикроватты монитормен, неврологиялық науқастарды оңалтуға арналған тренажерлармен жабдықталған.


 Аурухананың хирургиялық бөлімшесінде жоғары санаттағы хирург дәрігер С. А. Масғапов меңгеруші болып қызмет атқарады, ол 2015 жылы Павлодар облысының "Алтын скальпель" иеленушісі. "Колопроктология және абдоминалды хирургия" циклы бойынша біліктілігін арттырды, Қазан қаласының онкоорталығында эндобейнехирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін мастер-кластарға бірнеше рет қатысқан. Бөлімшеде азинвазивті әдістермен (тілмей) хирургиялық ем жүргізіледі. Сонымен қатар, түйінді жемсаудың, тоқ ішек ауруының шұғыл емін орындайды.

Келесі аурулар кезіндегі жүргізілетін шұғыл ем түрлері:

- өт қабына тас байлану; алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы;

- жіті аппендицит, асқазан және ұлтабар жарасы; енбаудың қабынуы;

- созылмалы геморрой; ішек жыланкөзі, ішек түймешігі;

- анал жарығы, эпителильді-құйымшақ сарысулы ісік;

- түрлі локализациядағы құрсақ қуысының сарысулы ісігі;

- түйінді жемсаудың шұғыл емі.

Шұғыл емнің осы түрлерін ота блогының меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер Н.Қ. Ахметов та жүзеге асырады.

Әйелдердің кіші жамбас мүшелерінің емін, соның ішінде шұғыл емін жоғары санаттағы дәрігер, акушер-гинеколог М.Х.Текжанов жүргізеді. Оның басты қағидасы — неғұрлым әйел затының мүшелерін сақтайтын, аз жарақаттайтын оталар жасау, соның арқасында тәжірибелі дәрігердің аялы алақанынан өткен әр әйел тез оңалып, сауығып жатады. Ресей Федерациясы клиникаларында эндоскопиялық гинекология бойынша оқу оқыған. Емделушілерге сырқаттанған кезде келесі ем түрлері ұсынылады:

- жатыр миомасы, аналық безінің іріңді ісігі; бедеулік, жатырдан тыс жүктілік;

- жатырдың, қынап қабырғаларының түсуі кезіндегі реконструктивті оталар;

- қуық-қынаптық жыланкөз;

- тубооварильді өскін; медициналық түсік; жатыр қуысының диагностикалық қырып тазарту (жабысқақ, миома, эндометрия өскіні кезінде).

Эндокриндік патологиясы бар (қант диабеті, қалқанша без аурулары және т.б.) емделушілер үшін сервистік бөлімшеде зерттеу жүргізіліп, емді облыстың штаттан тыс бас эндокринологы, ҚР денсаулық саласының үздігі Г.Қ. Мейрамова тағайындайды. Жоғары санаттағы дәрігер эндокринолог дәрігерлердің Халықаралық Ассоциация мүшесі, жыл сайын өтетін эндокринология мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, конгрестерге және мастер-кластарға қатысады.

Неврологиялық бейіндегі емделушілердің емін жоғары санаттағы дәрігер Б.Б. Ерубаева жүргізеді. Ол Венадағы (Австрия) Қазандағы (РФ), Чикагодағы (АҚШ) неврологтардың Еуропалық Конгресс базасында инсульттің диагностикасы, емі және алдын алудың жаңа технологияларын оқыды.

Неврологиялық науқастардың нейрооңалтуы мен қалыпқа келу емін (инсульттан кейін және нейрохирургиялық араласудан кейін) нейрооңалту бойынша халықаралық оқудан өткен жоғары санаттағы дәрігер А.Т. Ерғазинова жүргізеді.

Емделушілерге – емдік дене шынықтыратын жаттығу құрылғылары бар зал, массаж, психолог, логопед қызметі ұсынылады. Ол жердегі оқу-жаттығулар адамның қозғалыс функцияларын сақтау мен дамытуға бағытталған. Бөлімшедегі жаңа құрылғылар электроынталандыру, гальванизация, магниттік терапия, лазерлік терапия және ультрадыбыстық терапия жүргізуге мүмкіндік берді.

Емделушілерге кардиологиялық көмекті жоғары санаттағы дәрігер, №1 сервистік қызмет бөлімшесінің меңгерушісі Б.О. Мұқарова көрсетеді. Үздіксіз ізденіп, өз білімін шетелдегі клиникаларда жетілдірумен айналысатын Бибігүл Оралқызы кардиологиялық науқастардың өмір сапасын жақсартуда жетістіктерге жетіп жүр.

Терапиялық бейіндегі емделушілерге бөлімшеде бірінші санаттағы терапевт дәрігер Н.К. Смағұлова кеңес береді, ол бронх-өкпе жүйесі ауруларына, ішек-қарын жолы сырқаттарына ем жүргізіп, жан-жақты зерттеуді де жүзеге асырады.

Бөлімшеде токсикологиялық науқастарға соның ішінде ішімдік ішкен абстинентті синдромы бар науқастарға да ем жасалады. Оны Павлодар облысының штаттан тыс бас токсикологы, жоғары санаттағы дәрігер            А.П. Комков жүргізеді.

№3 ПҚА сервистік қызметтің бөлімшелері емделушілеріне жан-жақты зерттеу қолжетімді болып табылады: УДЗ, ФГДС, колоноскопия, рентгенография, ЭКГ-диагностика. Қолда бар "Сименс" фирмасының компьютерлік томографының арқасында бас миының, төс қуысы мүшелерінің және құрсақ қуысының мультиспиральді компьютерлік томографиясын жүзеге асыру мүмкін болды. Одан басқа, лабораториялық зерттеулердің кең түрі ұсынылады.

№3 Павлодар қалалық ауруханасының бөлімі:

  • Хирургия – 60 төсек орын
  • Гинекология – 40 төсек орын
  • Жансақтау және анестезиология – 6 төсек орын
  • Терапия – 20 төсек орын
  • Токсикология – 10 төсек орын
  • Эндокринология – 30 төсек орын
  • Инсульт орталығы – 20 төсек орын
  • Неврология – 10 төсек орын
  • Неврологиялық науқастарды оңалту – 40 төсек орын
  • Рентген-диагностика
  • Жәрдемші қызметтер

Жарақтандыру / Қызметтер

Допплерография/УДДГ
Допплерография/УДДГ
Зертхана / анализдер
Зертхана / анализдер
КТ
КТ
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Стационар
Стационар
УДЗ
УДЗ
Физиотерапия
Физиотерапия
Хирургиялық операциялар
Хирургиялық операциялар
ЭКГ
ЭКГ
Эндоскопия (ФГДС)
Эндоскопия (ФГДС)
ЭхоКГ (жүректің УДЗ)
ЭхоКГ (жүректің УДЗ)

Бізді қалай табуға болады

Орталықтың мекенжайы:

Қазақстан, Павлодар, Батурин к-сі, 4/1

Байланыс телефон нөмірі:

+7 (7182) ... - Көрсету

Жұмыс уақыты:

Тәулік бойы

№3 Қалалық ауруханасы картада

Пікірлер

Пікір қалдыру

Бұл құпия ақпарат! Пікіріңізді сақтаған кезде, №3 Қалалық ауруханасы аккаунт туралы ақпаратты (есіміңізді, электрондық пошта мекен-жайыңызды) көрмейді
Пікіріңізді қалдыру үшін сіз Medelement пайдалану шарттарымен келісу керексіз

Науқастардың пікірлері барлығы: 4

0 - 0
19.12.21
Хочу выразить большую благодарность всему медицинскому персоналу отделения Эндокринологии, в частности врачу Тумбарцевой И.В. за их заботу и внимательное отношение к пациентам отделения. Пожелать всем крепкого здоровья, благополучия. Бужан Н.П.
0 - 0
28.04.21
Хочется поблагодарить сотрудников больницы за их труд и заботу . Пожелать Вам крепкого здоровья и мирного неба,Доктор Жарынгасина Жадыра Рымбековна,м.сестра Нурумова Гульмира,Малахова Нина,Нурмагамбетова Бибигуль,Кунаева Айдана,Киятов Фархат,санитары;Жакупова Шолпан, Панфилова Инна,Султанов Ослан,Саранжилов Ерден, большое спасибо за заботу Женщины с инфекционного отделения 5эт,1 палата, Куницкая О.П,Сикач.Н
0 - 0
13.10.20
Хочу выразить безмерную благодарность врачу гинекологии Жарылгсиной Жадре Рымбековне(извиняюсь если не правильно ФИО написала) в больнице лежала около года назад. За чуткость, внимательность и безболезненно проведенную операцию. МЫН АЛГЫС!!!
0 - 0
22.03.20
22 марта по рекомендации скорой помощи обратилась в приемный покой третьей больницы. Выражаю благодарность за внимательность и вежливое обслуживание всему персоналу приемного покоя и лично терапевту Нурымбек С.Ы. С пожеланиями всех благ, Харитонова Лариса Сергеевна.

Дәрігерлер мен мамандар

Акушер-гинеколог

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 38

Акушер-гинеколог
Гинеколог

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 14

Акушер-гинеколог
Гинеколог

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 10

Анестезиолог-реаниматолог

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 38

Анестезиолог-реаниматолог

Жалпы өтіл (жыл): 30

Анестезиолог-реаниматолог

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 11

Анестезиолог-реаниматолог

Жалпы өтіл (жыл): 10

Анестезиолог-реаниматолог

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 13

Анестезиолог-реаниматолог

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 32

Врач КТ

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 19

Врач УЗИ

Жалпы өтіл (жыл): 11

Врач УЗИ

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 27

Кардиолог

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 28

Невропатолог/ Невролог

Рентгенолог

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 46

Терапевт

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 27

Терапевт

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 49

Терапевт

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 38

Терапевт

Жалпы өтіл (жыл): 7

Терапевт

Жалпы өтіл (жыл): 10

Терапевт

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 9

Терапевт

Жалпы өтіл (жыл): 7

Токсиколог

Жалпы өтіл (жыл): 30

Физиотерапевт

Жалпы өтіл (жыл): 56

Хирург

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 23

Хирург

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 12

Хирург

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 36

Хирург

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 13

Хирург

Жалпы өтіл (жыл): 8

Хирург

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 26

Хирург

Жалпы өтіл (жыл): 7

Хирург

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 32

Хирург

Жалпы өтіл (жыл): 8

Хирург

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 21

Эндокринолог

Врач второй категории

Жалпы өтіл (жыл): 19

Эндокринолог

Врач высшей категории

Эпидемиолог

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 22

Барлық мамандар


бізге жазыңыз

Павлодар: басқа клиникалар

Қалалық тіс емдеу емханасы

Мәшһүр Жүсіп к-сі, 18

Көшу

ATLANT оңалту және кинезитерапия орталығы

Генерал Дюсенов к-сі, 3/1

Көшу

"МЕДЕО" тіс емдеуі

Торайғыров к-сі, 26

Көшу

ДИАНА ДЕРЕПАСКО оңалту орталығы

Бектұров к-сі, 139/1

Көшу

"DENTA" тіс емдеуі

Павлов к-сі, 67

Көшу

Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау орталығы

Суворов к-сі, 66

Көшу

Тіс емдеуі (Бестужев к-сі, 6/1)

Бестужев к-сі, 6/1

Көшу

Павлодар облыстық кардиология орталығы (стационар)

Луначарский к-сі, 1

Көшу

Павлодар балалар облыстық тіс емдеу емханасы

Майры к-сі, 47

Көшу

"ORHUN MEDICAL" радиология орталығы

пр. Академика Маргулана, 120, (зд. диагностического центра "Медико")

Көшу