Батыс Қазақстан облыстық балалар көп сапалы ауруханасы (Зачаганск)
Мен пульмонология бөлімінің емделушісі Мұхит Аишаның анасы Шалабаева К.Ж. Стационарлық ем алған уақыт аралығында қызымды тексеріп, жағдайын бағалап, тағайындаған емдерінің оң нәтижесі үшін пульмонология бөлімінің дәрігерлері Сейтова Мейрамгүл Толеповна, Кисапова Маусымжан Каришигаевнаға, барлық процедураны нақты әрі ұқыпты жасап берген барлық медбикелер қауымына, санитарлық нормаларға сай етіп, әр науқастың жағдайына алаңдап, көмектесіп шауып жүрген медбике көмекшілеріне (кіші медперсоналдарға), күнделікті врачебный обходтан бұрын, ертемен осы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап , әр палатаны қадағалап жүретін Назым Кайыргалиевнаға барлығына алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас күш-жігер , еңбектеріңізге сәттілік, табыс тілеймін! Ұлт денсаулығы үшін істеп жатқан еңбектеріңіз барлық алғысқа лайық. Тек ата- аналардың алғысымен шектелмей, ұжым тарапынан еңбектері бағаланып жатса, нұр үстіне нұр болар еді !