Талдықорған қаласындағы облыстық кардиология орталығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді: жедел медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, сондай-ақ ересектерге мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді: кардиология, кардиохирургия; ересектерге мына мамандықтар бойынша стационарлық медициналық көмек көрсетеді: анестезиология және реаниматология, кардиохирургия, кардиология, жалпы терапия, невропатология.
Жобалық орын қуаты - 110 орын
Іс жүзінде іске асқаны -105.
Қызметтеріміз:
- Шұғыл, жоспарлы мамандандырылған кардиологиялық және жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсету
- Ересектерге медициналық көмек көрсету
- Стационарлық: кардиология, кардиохирургия
- Консультациялық-диагностикалық көмек: кардиология, кардиохирургия
Кардиологиялық орталықтың құрылымына кіреді:
- 10 төсекке арналған кардиохирургия бөлімшесі, оның ішінде 3 реанимация төсегі.
- 10 орындық тамыр ішілік хирургия бөлімшесі
- 80 төсекке арналған кардиология бөлімшесі, оның ішінде 40 ОКС, 6 реанимация төсегі
- 5 орындық күндізгі стационар
- Клиникалық-диагностикалық бөлімше
- Клиникалық-диагностикалық зертхана
- Қабылдау бөлімі
- Дәріхана
- Ас блогы
- Қосалқы, шаруашылық және әкімшілік қызметтер.
Облыстық кардиология орталығы Алматы облысы әкімінің шешімімен 1999 жылдың 12 тамызында ашылды. 2014 жылдың наурыз айында облыстық кардиология орталығы қайта құрудан кейін жаңа ғимаратқа көшірілген болатын.
Бүгінгі күні кардиоорталық екі қабатты кірпіш ғимаратында орналасқан, жалпы ауданы 12 276,0 ш. м. Құрылыс алаңы 3 020 ш.м., оның ішінде кардиоорталықтың ғимараты 1838,0 ш. м. Іргелес жатқан аумағы абаттандырылып көгалдандырылған. 14 көлікке арналған 516,0 ш. м. автотұрақ бар. Электрмен жабдықтау үшін жеке трансформаторлық қосалқы станция салынды.
Кардиология орталығында 173 адам еңбек етеді, оның ішінде 33 - дәрігер, 64 - орта медициналық қызметкер, 40 - кіші медициналық қызметкер, 34 - басқа да қызметкерлер.
Рентген-хирургиялық бөлімше
2008 жылы кардиохирургия бөлімі құрамында рентген-хирургия бөлімшесі ашылды. Бөлімше дәрігерлері облыс тарихында алғаш болып коронароангиография, сондай-ақ стенттеу оталары, жүректің электр ширатқышын орнату сияқты зерттеулер жүргізе бастады. 2014 жылдың тамыз айында резистентті артериялық гипертензия кезінде бүйрек артериясын жүйкесіздендіру енгізілді және жыл соңына дейін 12-сі өткізілді. 2015 жылдың басынан бастап баллонды ангиопластика және провизорлық стенттеу кезінде дәрілік баллонды катетерлер қолданылады. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 5000 коронарографиялық зерттеулер және жоспарлы және шұғыл тәртіпте 1600 коронарлық артерияларды стенттеу, бүйрек артерияларына 16 жүйкесіздендіру жүргізілді, 100-ден астам жүректің электр ширатқышы имплантталды.
Қызметтік диагностика бөлімі
Бөлім Алматы облысы мен Талдықорған қаласының науқастарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Бөлімде жоғары мамандандырылған зерттеулер жүргізіледі: жүрек және ірі қан тамырларының УДЗ диагностикасы, өңеш электростимуляциясы және ЖИА кезінде функционалдық класты анықтау үшін велоэргометриялық зерттеулер, клиникалық-зертханалық зерттеулер.
Қызметтік диагностика және зертхана кабинеті заманауи зерттеу құралдарымен жабдықталған: эхокардиограф, велоэргометр, тредмил тест, АГ және жүрек ырғағын холтерлік мониторлау, түрлі модификациялы ЭКГ аппараттар.
Қызметтік диагностика:
- өңеш арқылы кардиостимуляция (ишемиялық тест)
- өкпе қабығы мен өкпеқап қуысын УДЗ
- дозаланған физикалық ауырлықты электрокардиографиялық зерттеу (тредмил, велоэргометр)
- электрокардиограмманы холтерлік мониторлау (24 сағат)
- артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (24 сағат)
- электрокардиографиялық зерттеу
- бір және екі катеторды пайдалана отырып тәжартериялық артериография.
Ультрадыбыстық диагностика:
- ЭХО кардиография (жүрек УДЗ)
- Бүйрек УДЗ
- Қалқанша безінің УДЗ
- Кешенді ультрадыбыстық диагностика - бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр.
Эндоскопиялық диагностика - фиброгастродуоденоскопия (ФГДС).
Зертханалық диагностика
Зертханада жалпы клиникалық, биохимиялық, гемотологиялық зерттеулер, сондай-ақ экспресс-диагностиканың кейбір түрлері жүргізіледі.
Орталықтың мекенжайы:
Қазақстан, Талдыкорган (Талды-Курган), Екскельды Би к-сі, 224
Байланыс телефон нөмірі:
+7 (7282) ... - Көрсету
Жұмыс уақыты:
Пікірлер
Науқастардың пікірлері барлығы: 1