Астана қаласының АИТВ инфекциясыны алдын
алу орталығы - консультативтік, диагностикалық, емдік-профилактикалық көмек көрсететін,
сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диспансерлік бақылауды қамтамасыз
ететін мамандандырылған денсаулық сақтау мекемесі. Орталықтың қызметі адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының
таралуын барынша шектеуге және АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратындарға көмек
көрсетуге бағытталған.
Мекемені тіркеу
күні: 27.03.2013 ж.
Жоспарлы қуаты ауысымда 80 адамды құрайды.
Біздің қызметтер:
- АИТВ
инфекциясының болуына зерттеу жүргізу;
- АИТВ өмір
сүретін адамдарды диспансерлеу және емдеу;
- Емделушілерді антиретровирустық
дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
- АИТВ жұқтырған
жүкті әйелдерді жүктілік кезінде, босану кезінде және нәрестелерді вирусқа
қарсы профилактикалық емдеу;
- АИТВ инфекциясы бар
ересектер мен балалардағы екінші рет қайталанған, оппортунистік аурулардың
химиопрофилактикасы және амбулаторлық жағдайда оппортунистік ауруларды
(пневмоцистік пневмония, герпестік инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) емдеу;
- Постконтактілі антиретровирустық профилактика;
- АИТВ инфекциясы
мен қосалқы аурулардың бастапқы және растайтын диагностикасы;
- Психоәлеуметтік
кеңес беру;
- АИТВ инфекциясы
ауруларын ескерту және ауруды төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу.
Орталық сонымен қатар
аурудың таралуын ескертудің ақпараттық-профилактикалық қызметін жүзеге асырады
- АИТВ
инфекциясының таралу жолдары және жұқтыруды ескертудің әдістері туралы халыққа
ақпарат береді,
әртүрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының ұстаздарына және оқушыларға оқытуды ұйымдастырады, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, ақпараттық-білім беру материалдарын басып
шығарады және таратады. Медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясын жедел
диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелеріне үйретеді.
Мемлекеттік
қызметтер
Орталық «АИТВ инфекциясының болуына ерікті жасырын және міндетті құпия медициналық
зерттеу» мемлекеттік қызметті көрсетеді. Нәтижесі қағаз түрінде беріледі. Анықтама-сертификат берілген сәттен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
АИТВ инфекциясының бар-жоғына жасырын
медициналық зерттеу қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға
дербес код беріледі.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан
Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін, ал шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады,
алдын ала жазылу мен жедел қызмет көрсету көзделмеген.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіміне кірмейтін қызметтер ақылы түрде көрсетіледі.
Қазіргі таңда
ЖИТС орталығының құрылымында 6 бөлім жұмыс істейді:
- Алдын
алу бөлімі
- АИТВ жұқпасын
эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
- Диагностикалық зертхана
- Емдеу-профилактикалық
көмек бөлімі
- Ұйымдастыру-әдістемелік
бөлімі
- Информатика
және АИТВ жұқпасын компьютерлік қадағалау бөлімі.
Диагностикалық
зертхана. Зертханалық талдауларды жоғары білікті мамандар жүргізеді.
Инфекциялардың зертханалық диагностикасы ресейлік және шетелдік өндірушілердің
тест жүйелерінде, АИТВ диагностикасы - IV буынның тест жүйелерінде жүргізіледі.
- АИТВ
инфекциясын зертханалық диагностикалау (скрининг)
- В, С вирустық
гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг)
- Сифилисті зертханалық диагностикалау
- Қанға биохимиялық зерттеу
жүргізу
- Автоматты
талдауышта қанды, зәрді, жағындыны жалпы талдау
- АИТВ емдеу
тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері.
Орталықтың мекенжайы:
Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
Байланыс телефон нөмірі:
+7 (7172) ... - Көрсету
Жұмыс уақыты:
Пікірлер
Науқастардың пікірлері барлығы: 6