"ЗДОРОВАЯ АЗИЯ" хосписі

Басқа мамандануы
Басқа мамандануы
Педиатриялық
Педиатриялық
2009
Құрылған күні

2009 жылы Қазақстанда ауыр емделмейтін және өмірге қауіп төндіретін аурулары бар балаларға арналған «Мен сенімен біргемін» атты Бірінші балалар хосписі ашылды.

Қазақстандағы Бірінші Балалар хосписінің міндеті:

Хоспис дегеніміз – күдер үзген науқас баланың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету, оның туыстары мен жақындарына  көмек пен қолдау көрсету, әлеуметтік, медициналық, психологиялық және рухани жәрдем беру. Хоспистің бүкіл міндеті кішкентай пациенттеріміздің бізмен бөліскен сырларына қатысты туындаған болатын. Біз хосписке қатысты барлық талаптарды «ойымыздан шығарған» жоқпыз, өмірден алдық, кішкентай пациенттер біздің ең жақсы мұғалімдеріміз болды ...

Біз сырқатына қарамастан өмір сүруге көмектесеміз. Біз өмірді қызықты, маңызды оқиғаларға толтыруға көмектесеміз, баланы жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, сырқатымен өмір сүруге, ойын және шығармашылық арқылы өзін көрсете білуге үйретеміз.

Хоспистің міндеттері: күдер үзген науқас баланың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету, оның туыстары мен жақындарына, бауырларына көмек пен қолдау көрсету, 0-ден 18 жасқа дейінгі сауықпас науқас балаларға әлеуметтік, медициналық, психологиялық және рухани жәрдем беру. Баласын жоғалтқаннан кейін, аза тұту кезеңінде туыстары мен жақындарына қолдау көрсету.

Хоспис қызметі:

«Мен сенімен біргемін» балаларға паллиативті көмек көрсету орталығы - бұл 16 төсек-орынды аурухана, онда балаларға тыныс алу, ауырсынуды ұзақ уақытқа басу мен шаршаған және баланың науқастан әлсіреген ағзасына қолдау көрсету қажет болған кезде паллиативті көмек көрсетіледі. Орталықта 6 төсек-орында нәрестелерге арналған паллиативті палата бар, мұнда ауыр және өмірге қауіп төндіретін сырқаттары бар нәрестелерге медициналық күтім жүргізіледі.

Балаларға үйінде паллиативтік көмек көрсету. Құрамында онколог-педиатр, мейірбике, психолог және әлеуметтік қызметкер бар көшпелі қызмет тобы балаларға үйлеріне барып, кеңес беріп, күтім бойынша медициналық көмек көрсетеді. Отбасына азық-түлік, киім, дәрі-дәрмектермен әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Көшпелі қызмет әрдайым өздеріне көмек көрсетуге әзір кенен  біле отырып, балалар мен ата-аналарының сенімі артып, бар күштерін аурумен күресуге бағыттайды. Көшпелі қызмет науқас баласы бар отбасында тұратын, аналары тарапынан тиісті көңіл бөлінбеуіне байланысты өздерін нашар сезініп жүрген  бауырларына (аға-інілері мен апа-сіңлілеріне) қолдау көрсетуге үлкен мән береді.

Ата-аналарға әлеуметтік демеу. Хоспис ауыр сырқатты балалардың ата-аналарына «қысқа мерзімдік демалыс» береді, бұл балалар мен ата-аналар үшін демалыс, өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі (өздерінің денсаулығын жақсарту, үйді жөндеу, құқықтық және әлеуметтік мәселелерді шешу). Балалар хосписі науқас балаға күтім жасау міндеттері мен жауапкершілігін уақытша болса да толық өз мойнына алады.

Волонтерлік. Сіз біздің Балалар хосписіне келіп, волонтер болғыңыз келетінін айта аласыз. Хоспис Қазақстаннан да, сонымен қатар шетелден де еріктілерді белсенді түрде өз қызметіне қатыстырады. Соңғы уақытта корпоративті волонтерлік танымал бола бастады

 Біз ауыр сырқатына қарамастан өмір сүруіне көмектесеміз. Баланың, туыстарының және жақындарының жадында қалдыру үшін өмірді қызықты, маңызды оқиғалармен толтыруға көмектесеміз. Біз үшін өмір сүруге қанша уақыт қалғаны емес, қалған уақытты сапалы әрі қызықты ету үшін ... күлімдеумен, ауырсынусыз және зардап шекпей, сүйіспеншілік пен мейірімге бөленіп өмір сүруі өте маңызды болып табылады...

Бізді қалай табуға болады

Орталықтың мекенжайы:

Қазақстан, Кыргаулды (Карасайский район, Алматинская обл.), Самал к-ci, 40

Байланыс телефон нөмірі:

+7 707 492... - Көрсету

"ЗДОРОВАЯ АЗИЯ" хосписі картада

Пікірлер

Пікірді бірінші қалдырыңыз

Бұл құпия ақпарат! Пікіріңізді сақтаған кезде, "ЗДОРОВАЯ АЗИЯ" хосписі аккаунт туралы ақпаратты (есіміңізді, электрондық пошта мекен-жайыңызды) көрмейді
Пікіріңізді қалдыру үшін сіз Medelement пайдалану шарттарымен келісу керексіз


бізге жазыңыз

Кыргаулды : басқа клиникалар

Дәрігерлік амбулатория (Қырғауылды ауылы)

Таусамалы к-сі, 1Г

Көшу