Облыстық тері-венерологиялық диспансер

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 15, Балдырған аялдамасы
+7 (7252) 48 92 14
+7 (7252) 39 27 74

Әкімшілік

Нурмагамбетова Гульмира Бахитовна –
Түркістан облысы ДСБ ШЖҚ ОТВД МКК басшысы. 

1996 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансеріне дәрігер-тағылымдамашы болып қабылданды. 1996-2006 жылдар аралығында осы диспансерде емхананың, дағдарыс орталығының дерматовенеролог дәрігері, ұйымдастыру-әдістемелік кабинеттің меңгерушісі (1999-2003 жж.), диспансерлік бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің еңбекке жарамсыздық сараптамасы жөніндегі орынбасары (2003 ж.), емдеу-алдын алу жұмысы бойынша (2003-2006 жж.) бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды. 2006-2017 жылдар аралығында диспансерді басқаруды жүзеге асырды. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының дерматовенерологиялық қызметі айтарлықтай жаңғыртылды. Мәселен, облыста алғашқылардың бірі болып облыстық дерматовенерологиялық диспансер шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын мәртебесіне ауыстырылды, аудандық дерматовенерологиялық Диспансерлер ОАА және ОАЕ құрамына кірді, күндізгі стационарларды ашу есебінен тәулік бойы стационар төсектерінің қысқаруы орын алды. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп көңіл бөлінді. Түркістан қаласының, Түлкібас, Мақтаарал, Арыс және Сарыағаш аудандарының дерматовенерологиялық бөлімшелерінің және облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің, ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Облыстық диспансер жалпы сомасы 40 млн.теңгеден асатын медициналық жабдықтармен жасақталды.

Емдеу-профилактикалық жұмысқа маңызды рөл бөлінген: косметологиялық қызметтер жетілдірілді, витилиго фототерапиясының бейімделген қазақстандық хаттамасы әзірленді, өнертабысқа Қазақстан Республикасының 2 инновациялық патенті алынды, дерматоскопия және жасушалық трансплантация, профилактикалық климатотерапия және т. б. енгізілді.

2017 жылдың наурыз айынан бастап бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдың мамыр айынан бастап ОТВД басшысы қызметін атқарады. Медицина ғылымдарының кандидаты. Диссертацияның тақырыбы: "Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуына ықпал ететін кейбір қауіп-қатер контингенттеріне медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастырудың жаңа әдістемелік тәсілдері". Жоғары санатты дерматовенеролог, жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер. КАДД, EADV, ISD  мүшесі.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" төсбелгілерімен, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына" мерейтойлық медалімен марапатталған.


Будесова Жадра Утебаевна –
Түркістан облысы Түркістан облысы ДСБ ШЖҚ ОТВД МКК басшысының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, Түркістан облысы ДСБ  штаттан тыс бас дерматовенерологы.

Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын 1999 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ОҚО Төлеби аудандық ауруханасының дерматовенеролог-дәрігері болып бастаған. 2002 жылдан бастап ОҚО ОТВД-де жұмыс істейді: дәрігер-дерматовенеролог, ұйымдастыру-әдістемелік кабинет меңгерушісі, диспансерлік бөлімше меңгерушісі. 2006 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың сәуір айынан бастап диспансердің басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың сәуір айынан бастап басшының медициналық бөлім бойынша орынбасары қызметін атқарады. Жоғары санатты дерматовенеролог дәрігер, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы. КAДД, EADV, ISD мүшесі. 2012 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі инспектор, 2015 жылдан бастап ҚРЭДСО ДС және ӘД министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігін растау жөніндегі емтихан комиссиясының мүшесі. Емдеу жұмысын оқытушылық қызметпен ұштастырады-әр жылдары ХҚТУ, ШМК, "Авиценна" колледжінің Дерматовенерология курсының оқытушысы болып жұмыс істеді. "Витилиго", "Псориаз", "Атопиялық дерматит" және т.б. мектептерге арналған әдістемелік ұсынымдардың бастамашысы және әзірлеушісі "Витилиго науқастарын емдеу әдісі"авторлық куәлігіне ие. 2015 жылы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен, 2016 жылы "Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің Кәсіподағындағы еңбегі үшін" дерматовенерологиялық қызметінің 90 жылдығына орай марапатталған.


Зиятаева Айжан Батырбековна –
Түркістан облысы Түркістан облысы ДСБ ШЖҚ ОТВД МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары.


2009 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының емдеу факультетін бітірген. Сол жылы ОҚО ДСБ жолдамасы бойынша ОТВД -не дерматовенеролог дәрігер болып жұмысқа қабылданды. 2012 жылы өз бастамасы бойынша Ультрадыбыстық диагностика бойынша қосымша қайта даярлаудан өтті, содан кейін дерматовенеролог пен УДЗ дәрігердің қабылдауын біріктірді. Бірінші санатты дерматовенеролог дәрігер. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алғаннан кейін 2014-2021 жылдар аралығында диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің жұмысын басқарды. 2021 жылдың маусым айынан бастап медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарады.
Дәрігердің қабылдауына жазылу Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу