№1 Қалалық клиникалық ауруханасы

Қазақстан, Шымкент, Металлист к-сі, 1Б
+7 (7252) 35 10 43

Әкімшілік

ШЖҚ МКК №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігер лауазымына Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы тағайындалды.

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Жалпы ақпарат, білімі

Туған күні – 5 ақпан 1980 жыл

Білімі жоғары

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының “Емдеу ісі” мамандығын бітірген.

Мансап

Еңбек жолы:

  • 2002 – 2003 ж.ж. – «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі», Мемлекеттік мекемеде мед аға
  • 2004 – 2007 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында мұғалім
  • 2007 – 2012 ж.ж. – Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында дәрігер
  • 2012 - 2018 ж.ж.  – «Орынбаев дәрігердің медициналық орталығы» ЖШС-нің бас дәрігері
  • 2018 – 2020 ж.ж. – «Медикер ЮК» ЖШС-нің бас директоры
  • 2020 – 2022 ж.ж. - Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
  • 2022 – 2023 ж.ж. – «Медикер» ЖШС-нің Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін - Шымкент қаласының ШЖҚ МКК «№2 қалалық аурухана» бас дәрігері
  • 10.11.2025 жылдан бастап  ШЖҚ МКК "№1 қалалық клиникалық ауруханасының" бас дәрігері 


Позилов Бакытжан Жолдасбекұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалы, «AMANAT» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін алғыс хаты берілген


Бас дәрігердің хирургия бөлімі бойынша орынбасары

 Садыков Тайбек Кудайбергенович


Садыков Тайбек Кудайбергенович ОҚО, Мақтаарал ауданы, 1983 жылғы 6 тамызында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

1999 жылы ОҚО, Шымкент қаласындағы орта мектепті бітірген.

2005 жылы Оңтүстік Қазақсатан мемлекеттік медицина академиясын  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Оңтүстік Қазақсатан мемлекеттік медицина академиясын   «Хирург» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.

Еңбек жолы: 

11.03.2004-18.07.2006 жылдар аралығында Шымкент қалалық жұқпалы  аурулар ауруханасында Жан-сақтау бөлімінде медаға;

02.05.2007-31.03.2008 жылдар аралығында ОҚО Сарыағаш аудандық ауруханасында дәрігер хирургі.  

03.04.2008-20.04.2021 жылдан аралығында №1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігер хирургі. (18.03.2019 - 09.02.2021 бас дәрігердің хирургия ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарған )

25.04.2021-20.12.2023 жылдар аралығында Түркістан облысы Облыстық  клиникалық ауруханасында хирургия бөлімшесінде бөлім меңгерушісі қызметтін атқарған. 

2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін №1  қалалық клиникалық ауруханасында бас дәрігердің хирургия ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқаруда.

2018 жылы медицина ғылымдарының Магистрі берілген.

 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2 санатты және «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология)» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер. 10 ғылыми баспа мақаласы мен 1 патенттің авторы, 1 зияткерлік меншіктің авторы.

          Жалпы еңбек өтілі-20 жыл. Хирургия саласындағы еңбек өтілі – 17 жыл. Отбасылы,  2 қыз, 2 ұлдың әкесі.


 Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Байбосинов Сабит Әбдіәшімұлы



Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары медициналық ұйымдағы емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын ұйымдастыруға және бақылауға жауап береді. Ол пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бөлімшелердің үйлесімді жұмысын қадағалайды.

Негізгі міндеттері:

емдеу-диагностикалық процесті ұйымдастыру және бақылау;

медициналық көмектің сапасын арттыру;

клиникалық хаттамалар мен медициналық стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету;

дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру;

пациенттердің құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау;

медициналық қызметтің тиімділігін талдау және жетілдіру;

кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары денсаулық сақтау саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды енгізу арқылы халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу