Арынбаев Нұрлан Ескендірұлы Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары
1985 жылғы 20 шілдеде дүниеге келген.
Денсаулық сақтау саласында 17 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті маман. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2009 жылы хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Жоғары санатты хирург-дәрігер.
2021 жылы «Шымкент университетінде» экономика мамандығы бойынша жоғары білім алып, басқару және ұйымдастыру бағытындағы кәсіби құзыреттерін жетілдірді.
Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өткен. 2026 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтап, денсаулық сақтау ұйымдарын басқару саласындағы білімін толықтырды.
Еңбек жолын Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бастап, 2009 жылдан бері жоғары санатты хирург-дәрігер ретінде қызмет атқарып келеді. 2025 жылдан бастап №1 қалалық клиникалық аурухананың Клиникалық-диагностикалық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2023–2025 жылдары «Атамекен» медициналық орталығында жауапты хирург болып жұмыс істеді.
Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары ретінде медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі аудит жүргізу, клиникалық хаттамалардың сақталуын бақылау, пациенттердің құқықтарын қорғау және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді.
Өз қызметінде кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру қағидаттарын басшылыққа алады.