Әкімшілік
Директор
Сәрсенов Бекжігіт Пернеқұлұлы
Сәрсенов Бекжігіт Пернеқұлұлы, 1993 жылы туған, отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
2015 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатын тәмамдаған.
2017 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
2023 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында денсаулық сақтаудағы менеджмент бағыты бойынша қайта даярлаудан өткен.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурасын аяқтап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2017 жылы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нің «Шағалалы дәрігерлік амбулаториясында» аға дәрігер қызметінен бастаған. Аталған лауазымда 2018 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс істеген.
2017 жылғы қазаннан 2018 жылғы сәуірге дейін Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-де паллиативтік көмек және қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2018 жылғы қазаннан 2020 жылғы шілдеге дейін Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы №6 қалалық емханада жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеген.
2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы наурызға дейін «Салауатты Астана» ЖШС-де жалпы практика дәрігері қызметін атқарған.
2022 жылғы 25 мамырда Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары лауазымына тағайындалған.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 10 жылдан астам.
Қоғамдық қызметі:
– Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты;
– Ақмола облысы Жарқайың ауданы Қоғамдық кеңесінің екі шақырылымының мүшесі.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының 2026 жылғы 19 ақпандағы №21 бұйрығымен Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

