Мемлекеттік қызметтер
Құрметті Шортандылықтар!
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына сәйкес «Шортанды АА» ШЖҚ МКК төмендегідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу
- Дәрігердің қабылдауына жазылу.
- Дәрігерді үйге шақыру
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
- Психикалық-неврологиялық диспансерден анықтама беру
- Наркологиялық диспансерден анықтама беру
- Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама беру
- Алдын ала медициналық қарап тексеруден өту
- Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру
Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыға мына жағдайларда көрсетіледі:
- Тікелей емхана тіркеу бөліміне, дәрігерлік амбулаторияға келгенде,
- Телефон байланысы арқылы
- Электрондық үлгіде жеке портал арқылы.
Электрондық үлгідегі мемлекеттік қызмет порталға байланысқан күннен бастап қарастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныс өкілетті ұйымының жұмыс уақыты аяқталуға екі сағат бұрын қабылданады ( жұмыс күндері 18.00 ге дейін, сенбі куні 12.00 ге дейін).
Тұтынушының өкілетті ұйымға тікелей келген кезде мемлекеттік қызмет алуға сұранысы мына жағдайларда қабылданбайды :
Жеке басын куәландыратын құжаты болмаса (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлігі)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты дәрігер Жақсыбеков Е.Ж.