Шортанды аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шортанды (Шортандинский район, Акмолинская обл.), Дзержинский к-сі, 1
+7 (71631) 7 99 00
+7 (71631) 7 99 04

Екпе дегеніміз не және оның қажеттілігі

Құрметті ата-аналар Естерініңізде сақтаныздар.

Жыл сайын алдын-алуға болатын жұқпалы аурулардан қаншама адамдар қайтыс болады немесе мүгедек болып қалады. 

Екпе балалар мен барлық тұрғындардың қаншама жұқпалы аурулардан, мысалы полиомелит, қызамық, жұқпалы тамақ ауруы, сіреспе, көк жөтел, туберкулездің ауыр түрінен, "В" гепатиті, қызамық сияқты жұқпаларына сақтаудың ең қолайлы тәсілі. 

Екпе дегеніміз не және оның қажеттілігі. 

Екпе дегеніміз не, оны қазіргі замаңда ата-аналардың барлығы біледі, бірақта ешкімге құпия емес сол екпені балаға қояр алдындақорқыныш күмән тудырады. Бұл таң қаларлық жағдай емес, өйткені екпемен қорғайтын инфекциялармен біз қазір кездеспейміз.Шортанды  ауданында көптеген жылдар бойы вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы екпенің арқасында 

(көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, сіреспе)  осы аурулар тіркелмеген.

Балалардың бұл инфекциялардан өлімі көп болғандықтан осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызамық және дифтерияның қаншалықты қауіпті екенін түсіндірудін керегі болған жоқ.Қызамық қарым қатынас арқылы жұғатын ауру. Ауру ауа тамшылы жолмен және аурудың тыныс алужолдары арқылы енеді. Қызамық аэрозольді түрде немесе тураемес жолдармен, ауру адам ұстаған құралдар арқылы сирек таралады.Қызамық өте тез таралатын ауру: аурушанды адамдар арасында екінші денгейлі қауіп тудыруы 90%. Қызамықпен екпе алмаған әр екінші адам аурады. Мысалы, қызамықпен ауырып тіркелген 1:2000 аурудың асқынған түрі-энцефалит кездеседі. Қызамық әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларға және қарт адамдарға қауіпті, себебі ауру:пневмония, сіңір тартылуын, мүгедектілікке әкелетің ми қабыршығының зақымдалуы сонымен қоса қан ауруына әкеп соқтыруы мүмкін( тробоцитопения).Қызамыққа қарсы екінші мөлшерлі екпе алғаны туралы мәліметі жоқ 30 жасқа дейінгі тұлғаларға жедел тұрде қызамыққа қарсы моноекпе қойылады, ал ол болмаған жағдайда ККП екпесі қойылады. Жедел екпе ауру адаммен қарым-қатынасқа түскеннен кейін 72 сағат ішінде жасалуы тиіс.  Ал көк жөтелге келетін болсақ ол әр қалалық ауладан естілетін.  Полиомелитке келетін болсақ оның қорқынышы баланың танертен төсектен аяғына тұралмай жансызданумен байланысты болған. қазіргі кезде біз мүгедектер арбасына танылған ересек адамдарды көреміз, солардың ішінде осы полиомиелитпен ауырғандар бар.  

Балалардың саламаттылығы –  бұл осы жұқпалы инфекцияларды болдырмау, ол жаппай алдын алу екпелерінің арқасында жүзеге асырылуда. Алдын алу екпелерінің мүмкіншілігі осымен шектелмейді (алдың алу екпесін осылай атау жөн). Жыл сайын дүние жүзінде біздің балаларымызды түрлі қауіпті жұқпалы аурулардан сақтайтын  екпелердің жақсартылған түрі шығарылуда.  

"Шортанды аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы" РММ бас маманы Н. Илюбаева



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу