Басқа мамандануы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Нұр-Сұлтан қаласында "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" кең ауқымды акциясы өтті 18.05.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Нұр-Сұлтан қаласында "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" кең ауқымды акциясы өтті


2019 жылдың 18 мамырында Нұр-сұлтан қалалық саябағында Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" атты кең ауқымды акциясы өтті.

Акцияны Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы, Мәдениет және спорт басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, №4 қалалық емханасы, "Астана" Медициналық Университеті, Жоғары медициналық колледж, Политехникалық колледж, Менеджмент және бизнес колледжі, "Жизнь вопреки" ҚҚ, "Шаг в будущее" ҚҚ, "Жария" ҚҚ қолдады.

Нұр-сұлтан қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимовтың айтуынша, Еске алу күні бұл - АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін пациенттердің ем алуға мүмкіндігі болмаған кезінде, ЖИТС ауруының миллиондаған адамдардың өмірін қиған кезеңін еске салу болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта, антиретровирусқа қарсы емдеу мен тұрақты медициналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясы ЖИТС сатысына көшпеуі мүмкін, заманауи ем арқасында АИТВ-мен өмір сүретін пациенттердің өмірін сақтап қалуға болады.

Саябақ аумағында денсаулық қалашығы жұмыс істеді, онда әрбір адам АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, 15 минут ішінде нәтижесін біліп, сондай-ақ қандағы холестерин, қант деңгейін анықтап және қан қысымын өлшей алды.

Акция мәдениет және спорт басқармасы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламамен, сондай-ақ МУА, политехникалық колледж және менеджмент және бизнес колледжі студенттерінің флешмобымен, фитнес-тренермен жаттығу, сондай-ақ танымдық ойындар, сұрақтар мен жауаптар викторинасымен сүйемелденді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы тағы да еске салып, жұртшылықтың назарын АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажеттілігіне аударғысы келеді.







Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары