ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Ақпараттық-талдамалы мониторинг орталығы


Ақпараттық-талдамалы мониторинг орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

АТМО негізгі міндеттері:
1. Жедел статистикалық ақпаратты талдау.
2. Психикалық денсаулықты қорғау қызметін (бұдан әрі – ПДҚҚ) дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
3. ПДҚҚ ұйымдарының қызметін үйлестіру, мониторингілеу және бағалау.

Ұжым

Садвакасова Гульмира Амиргалиевна – АТМО басшысы
Білімі және біліктілігі:
Жоғары біліктілік санатты психиатр нарколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.
1996 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде кандидаттық диссертация қорғады.
Біліктілікті арттыру:
«Психиатрия», «Наркология», «Психотерапия», «Медициналық психология», «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Ғылыми зерттеулер менеджменті» бойынша бірқатар мамандандырулардан өтті, оқу сағаттарының жалпы саны 3000-нан астам, оның ішінде шетелде:
- 2015 жыл, АҚШ, International Visitor Leadership Program (IVLP) «Есірткіге сұранысты азайту: алдын алу және емдеу» халықаралық бағдарламасы
- 2017 жыл, Финляндия, Сейнайоки қ., Скандинавиялық академиялық ұтқырлық институты, «Финляндиядағы психикалық проблемалары бар адамдарға арналған кешенді медициналық-әлеуметтік қызметтің инновациялық тәжірибелері: кейс менеджмент»
ҚР ЖАК рецензияланатын журналдарында 40-тан астам мақаласы, 5 әдістемелік ұсынымы бар; күшті әсер ететін заттарды пайдаланатын адамдардың санаттарымен жұмыс істеу бойынша бейімделген клиникалық мейірбикелік нұсқаулықтың авторы.
Жұмыс тәжірибесі: 2003 жылдан бастап.

Ким Инна Геннадьевна – АТМО емдеуге жатқызу секторының меңгерушісі
Білімі және біліктілігі: білімі жоғары, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, 2006-2008 жж. «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйесі» мамандығы, инженер-жүйелік техник.
Жұмыс тәжірибесі: 2006 жылдан бастап. 

Хасанова Мариям Хакимовна – АТМО психиатр дәрігері
Білімі және біліктілігі: «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2012-2017 жж.
Интернатура, Қазақстан медицина университеті, «Жалпы хирургия» мамандығы, 2017-2019 жж.
Резидентура, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы» мамандығы, 2019-2021 жж. Жұмыс тәжірибесі: 2019 жылдан бастап.

Рефа Валерия Назар-Мохаммад – АТМО психиатр дәрігері
Білімі және біліктілігі: «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2012-2017 жж.
Интернатура, Қазақстан медицина университеті, «Жалпы хирургия» мамандығы, 2017-2019 жж.
Резидентура, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы» мамандығы, 2019-2021 жж. Жұмыс тәжірибесі: 2019 жылдан бастап 

Аштай Улжан Еркинтаевна – АТМО психиатр дәрігері
Білімі және біліктілігі: «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Астана медицина университеті», 2011-2016 жж.
Интернатура 2016-2018 жж. «Астана медицина университеті», Астана қаласы, «Терапевт» мамандығы.
Резидентура 2018-2020 жж., «Астана медицина университеті», Астана қаласы, «Психиатр-нарколог» мамандығы.
Жұмыс тәжірибесі: 2018 жылдан бастап.


Пономарева Марина Евгеньевна – медициналық статистик
Білімі және біліктілігі: білімі орта.
Біліктілікті арттыру: «Медициналық тіркеуші медициналық ұйымның басты тұлғасы ретінде», Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, 2020 ж.
Жұмыс тәжірибесі: 2012 жылдан бастап. 

Черная Наталья Филипповна – редактор 
Білімі: Жоғары педагогикалық. Қостанай педагогикалық институты.
Жұмыс тәжірибесі: 1981 жылдан бастап. 

Смаилова Рахима Чаякеновна – ведомстволық мұрағат қызметкері (архивариус)
Білімі және біліктілігі: Білімі орта техникалық. Алматы полиграфия колледжі, 1986-1987 жж.
Біліктілікті арттыру: Мұрағат ісі бойынша, Алматы, 2015 ж., 2017 ж., 2018 ж.
Жұмыс тәжірибесі: 1997 жылдан бастап.


 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу