Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

1 маусым – Балалар құқығын қорғау мерекесң аталып өтті


Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында 1 маусым – Халықаралық балалар құқығын қорғау күні аталып өтті. Мереке қарсаңында орталықта ем алушыларға арналған жаңа серуен алаңы пайдалануға берілді.Халықаралық талаптарға сай салынған нысанда науқастарға қажетті жағдайлар жасалынған. Бұрын орталық емделушілері бірнеше жерде серуендейтін болса, енді барлығы бір аумаққа топтастырылатын болады.

Балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған шара "Балалар" бөлімінің серуендеу алаңында өтті. Шараға "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысып, кішкентай бүлдіршіндерге ыстық тілегін жеткізді. Сондай-ақ абыройлы қызмет жасап келе жатқан орталық қызметкерлерін "Алғыс хатпен" марапаттады.

Мерекелік шара аясында әсем ән айтылып, көркем би биленді. Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Әділбай Медетбаев та сөз алып, балаларды мерекелерімен құттықтады. Сондай –ақ, серуендеу алаңының құрылысына атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.

Мерекеге демеушілер де белсене атсалысты. Балалар күні қарсаңында облыстағы мекемелер сыйлықтарын жасап, балғындарға керемет көңіл-күй сыйлады.













Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу