Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Сүйінші жаңалық


Биыл  Қызылорда облысы және Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханұлы 80 жасқа толды. Айтулы датаға орай, медицина қызметкерлерінің арасында 53-ші спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шараның жабылу салтанатында жеңімпаздар марапатталып, құрметке бөленді. Алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов қатысушыларға тілектестігін білдіріп, мерейтой иесін туған күнімен құттықтады.

Командалық есеп бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары бірінші орынға ие болып, ауыспалы кубокқа қол жеткізді. Сондай –ақ қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Сайыс қорытындысы бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығының командасы «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ» және эстафета ойындары бойынша үздік өнер көрсеткен. Сонымен қатар Орнынан тұрып ұзындыққа секіру сайысы мен волейбол ойнаудан екінші орынға ие болды. Жарысқа үлкен дайындықпен барған мамандар, осылайша орталықтың абыройын асқақтатты. Айта кету керек, 2018 жылы да облыстық психикалық денсаулық орталығы спартакиада жеңімпазы атанған болатын.  








Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу