Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Орталық қызметкерлерінің балаларына арналған керемет шара


1 маусым – халықаралық Балалар күніне орай, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке орталық қызметкерлерінің балалары қатысып, керемет көңіл-күйге бөленді. Балғындар көпшілік алдында өнерлерін көрсетіп, әсем ән айтты. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау үшіп, мультфильм кейіпкерлері қонаққа келіп, түрлі ойындар ұйымдастырды.

Балғындарды Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Сейілханова құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Шара аясында балалар сурет салу сайысына қатысып, белсендік танытқан балғындар марапатқа ие болды. Аниматорлық персонаждар мерекелік шараның көркін ашты.  







Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу