№5 қалалық емхана

Көпсалалы
Көпсалалы
2007
Құрылған күні

№5 қалалық емхана Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар

№5 қалалық емхана бөлімдері

  • №1, №2, №4 отбасылық денсаулық орталықтары
  • ҚазАТУ №3 отбасылық денсаулық орталығы
  • Акушерлік-гинекологиялық бөлім
  • Мамандандырылған бөлім
  • Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
  • Диагностикалық бөлім
  • Зертхана
  • Күндізгі стационар
  • Ақылы бөлім
  • Пациенттерді қолдау қызметі


Отбасылық денсаулық орталықтары

- Жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар және терапевтер балалар мен ересектерді емханада және үйде қабылдайды. Динамикалық бақылау және белсенді емдеу.

- Дәлелдемелер болған жағдайда - белгілі бір саланың мамандарына жолдама беру немесе ауруханаға жатқызу.

Акушерлік-гинекологиялық бөлім

- Әйелдердің жыныс жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу.

- Жүктілікті қадағалау және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге көмек көрсету. Босануға дайындық мектебі.

- Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық сақтау.

Жоғары және бірінші білікті санатты акушер-гинеколог мамандар қабылдау жүргізеді.

Мамандандырылған бөлім

- Белгілі бір саланың дәрігерлері мына бағыттар бойынша қабылдайды: хирургия, онкология, маммология, неврология, офтальмология, оториноларингология, кардиология, эндокринология, пульмонология, стоматология, ревматология, травматология, проктология, урология, гастроэнтерология, хирургия.

- Физиотерапия

- Емдік физкультура және емдік массаж кабинеттері.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі

Бөлім халыққа әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Бөлімде әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, салауатты өмір салтының дәрігерлері жұмыс істейді.

Бөлімде 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға психологиялық көмек көрсететін «Шуақ» жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Орталық мамандары ата-ана мен баланың арасындағы қатынастар, тұлғааралық және жыныстық-рөлдік қарым-қатынастар, жанжалдарды тиімді шешу және стресстік жағдайларды болдырмау тақырыбына кеңестер өткізеді.

Диагностикалық бөлім

  • Рентгенография
  • Рентгеноскопия, ирригоскопия, фистулография
  • Стоматологиялық рентген
  • УДЗ, доплер
  • ЭКГ, КҚ және КҚТБ Холтерлік бақылау
  • ФГДС

Ақылы қызмет көрсету бөлімі

- Бөлімде терапевт, кардиолог, ЛОР, гастроэнтеролог, невропатолог, эндокринолог, хирург, уролог, травматолог, офтальмолог мамандары кеңестер береді.

- Диагностикалық зерттеу: рентген, УДЗ, ФГДС, талдаулар.

- Медициналық тексерулер:

  • Кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның қызметкерлерінің мерзімдік медициналық тексеруден өтуі.
  • Жүргізушілер комиссиясы - көлік жүргізуге рұқсат алу.
  • Қару комиссиясы (қаруды сатып алу мен алып жүру құқын беретін комиссия).
  • Санитарлық кітапшаны рәсімдеу.
  • Оқу мекемелеріне түсетін тұлғаларға медициналық анықтаманы рәсімдеу (ф-086/у).