№4 Қалалық аурухана

Қазақстан, Өскемен, ⠀Серікбаев к-сі, 1/4
+7 (7232) 51 20 30
+7 (7232) 52 70 92

Диагностикалық зерттеулерге дайындық ережелері

Қан талдауы

  1. Қан алу қатаң түрде аш қарынға жүргізіледі (соңғы ас ішкеннен кейін кемінде 12 сағат).
  2. Қан тапсырғанға дейін бір күн бұрын дене жүктемесінен, алкогольден аулақ болған жөн.
  3. Қан тапсырудан екі сағат бұрын темекі шегуден бас тарту керек.
  4. Барлық қан талдаулары рентгенография, УДЗ және физиотерапиялық емшаралар жүргізгенге дейін жасалады.


Несепті талдау

Талдауға әдетте, таңертеңгі несеп алынады, бірақ қажет болса, несеп талдауы кез келген уақытта жиналуы мүмкін. Зерттеу алдында сыртқы жыныс мүшелерінің гигиеналық процедураларын жүргізу қажет.

Әйелдер үшін несеп жинау ережесі:

  1. Несепті жинау үшін контейнерді (банканы) дайындаңыз (контейнердің қақпағын бір қолмен алып тастауға болатындай етіп ашып қойыңыз).
  2. Сыртқы жыныс мүшелерінің айналасын жылы сабынды ерітіндімен алдыңғы жағынан артқы өту жолына қарай барлық қатпарларды қоса жуып, содан кейін сумен шайыңыз.
  3. Контейнердің қақпағын ашып, ыдыстың шетіне тигізбей алыңыз.
  4. Унитазға аздап зәрді шығарыңыз, зәр шығаруды тоқтатыңыз, содан кейін контейнерді зәр ағысының астына қойып, оны көрсетілген деңгейге дейін толтырыңыз (шамамен 100 мл).
  5. Контейнерді қақпақпен мұқият жауып, зертханаға жіберіңіз.

Зимницкий бойынша сынама алу үшін несепті жинау

Зерттеу алдында сыртқы жыныс мүшелеріне гигиеналық процедуралар жасау қажет.

Несепті жинау алдында таңғы сағат 6-да унитазға қуықты босату қажет. Содан кейін әрбір 3 сағат сайын (9, 12, 15, 18, 21, 24, 3 және 6 сағат) зәрдің әрбір бөлігін жеке ыдысқа жинау қажет. Зәрі бар ыдыстар салқын қараңғы жерде сақталады.

Нечипоренко бойынша сынама алу үшін несепті жинау

  1. Сыртқы жыныс мүшелерінің айналасын жылы сабынды ерітіндімен алдыңғы жағынан артқы өту жолына қарай барлық қатпарларды қоса жуып, содан кейін сумен шайыңыз
  2. Несептің бастапқы және соңғы бөлігін унитазға шығарып, несептің орташа бөлігін жинаңыз.

Тәуліктік несепті жинау

Зерттеу алдында сыртқы жыныс мүшелеріне гигиеналық процедуралар жүргізу қажет. Зәрді жинау алдында таңғы сағат 6-да унитазға қуықты босату қажет. Кейінгі несепті тәулік ішінде (келесі күні таңғы 6-ға дейін) бір ыдысқа жинау қажет. Тәуліктік зәрді жинау аяқталғаннан кейін мұқият араластырып, таза контейнерге зәрді 100 мл көлемінде ағызу қажет, заттаңбада міндетті түрде тәуліктік зәрдің нақты көлемін көрсету қажет.


Нәжісті талдау

Нәжістік зерттеуге арналған нәжісті жинау

Нәжісті жинау алдында міндетті түрде гигиеналық процедуралар жүргізу қажет. Зерттеу үшін нәжісті таңертең жинау керек. Таңертең босату мүмкін болмаған жағдайда сынаманы алдын ала дайындауға болады, бірақ зертханаға нәжісті тапсырар алдында 8 сағаттан артық емес уақыт бұрын, салқын жерде сақтау керек. Зерттеуге дейін 3-4 күн бұрын іш жүргізетін препараттар қабылдауды және тік ішекке тығындәрілер енгізуді тоқтатқан жөн.

Дисбактериозға нәжісті жинау

Зерттеу үшін тек жаңа бөлінген нәжісті жинайды. Зерттеуге дейін 3-4 күн бұрын іш жүргізетін препараттар қабылдауды және тік ішекке тығындәрілер енгізуді тоқтатқан жөн. Клизмадан кейін, сондай-ақ барий қабылдағаннан кейін (рентгендік тексеру кезінде) алынған нәжіс зерттеуге жарамсыз.

Материалды алу кезінде зарарсыздықты сақтау қажет. Талдау жинағанға дейін унитазға зәр шығарып алыңыз, әрі қарай ыдысқа табиғи нәжіс шығару арқылы дәретті жинаңыз. Ыдыс алдын ала кез келген дезинфекциялау құралымен өңделеді, ағынды сумен бірнеше рет мұқият жуылады және қайнаған сумен шайылады. Нәжіс таза бір рет пайдаланатын контейнерге контейнердің 1/3 көлемінен аспайтын мөлшерде қасықпен алынады.


Эндоскопиялық зерттеулер

Фибробронхоскопия - тыныс алу жолдарына енгізілетін эндовидеоскоптың көмегімен трахеобронхиалды ағашты эндоскопиялық тексеру.

Пациентті дайындау: емшара аш қарынға, дәрілік препараттарды ішкенге дейін жүргізіледі.

Эзофагогастродуоденоскопия - өңешті, асқазанды, аш ішекті зерттеу.

Пациентті дайындау:

  1. Процедураны аш қарынға өткізу, кешкі сағат 18.00-ден кейін тамақтанбау керек.
  2. Процедураны таңертең дәрілік препараттарды, тамақ пен суды қабылдағанға дейін жүргізу.

Фиброколоноскопия - тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу.

Дайындалудың екі әдісі бар (екеуінің біреуі қолданылады):

  1. Процедураға дейін 2-3 күн ішінде көкөністерді, жемістерді, бұршақты, картопты, жармаларды, жаңғақтарды, дәндерді, өсімдік майын, қара нанды, ірі тартылған ұннан жасалған макарон өнімдерін, кептірілген жемістерді қоспағанда шлаксыз диетаны ұстану керек. Тазалау клизмалары 2-3 күн ішінде: 4-5 клизмадан әрқайсысы 1.0-1.5 литр көлемінде.
  2. Емшара алдында, дәрігердің тексеруінен кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда 3 "Фортранс" пакетін 3 литр суға араластырып, 30-40 минуттан кейін 1 стаканнан (250-200 мл) ішеді. Дайындықты сағат 15.00-16.00 сағ. бастау.

Ректороманоскопия -  тік ішектің шырышты қабығын және тоқ ішектің ректосигмоидтік бөлігін зерттеу.

Пациентті дайындау:

  1. Кешкі уақытта, сағат 22.00-де тексеру алдында 1-1,5 литр көлемінде тазалау клизмасын жүргізу;
  2. Таңертең тексеру күні сағат 7.00 қайтадан 1-1,5 литр көлемінде тазалау клизмасын жүргізу;
  3. Егер сол күні зерттеу алдында клизма жасау мүмкіндігі болмаса, тексеру алдында маманның кеңесін алып, дайындық түрін анықтау қажет;
  4. Зерттеуге сағ. 10.00 келу.


УДЗ

Құрсақ қуысы мен бүйрек органдарын УДЗ

Зерттеуге дейін 3 күн бұрын рационнан қара нан, қаймағы алынбаған сүт, шикі жемістер мен көкөністерді алып тастау қажет. Жоғары газ түзілуде кешке, зерттеу алдында белсендірілген көмірдің 5-6 таблеткасын (шайнап, сумен ішу немесе ұнтақтап 1/2 стакан су қосып ішу) немесе "Эспумизан"препаратының 2-3 қасығын қабылдау ұсынылады. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.

Трансректалды және трансвагиналды датчиктермен кіші жамбас органдарын УДЗ

Зерттеу алдында 1-1,5 литр көлемінде тазалау клизмасын жасау. Зерттеу қуық босаған кезде жүргізіледі және тамақ ішуге байланысты емес.

Кіші жамбас және қуық органдарын абдоминалды датчикпен УДЗ

Зерттеуге дейін 1,5 сағат бұрын бірте-бірте 1-1,5 литр газсыз су ішіп, қуық толғасын белгіленген уақытта зерттеуге келу

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу