№4 Қалалық аурухана

Қазақстан, Өскемен, ⠀Серікбаев к-сі, 1/4
+7 (7232) 51 20 30
+7 (7232) 52 70 92

Келушілерге арналған жадынама

Құрметті  келуші!

Біз Сіздің науқас туысыңызға немесе жолдастарыңызға қамқорлығыңызды түсінеміз және қабылдаймыз, және әрине, олар емдеу және сауығу процесіне үлкен көмегін тигізеді. 

Бірақ Сіздің назарыңыз біздің науқастарымыздың  емделу, тамақтану және демалуының аурухана ережелерін бұзумен қатар жүрмеуге тиіс.

Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының бөлімшелерінде жақын және туыстарының науқастарға қатынасу ережесін еске сала кетейік:

Науқастарға қатынасу уақыты:

Қысқы мерзімде - сағат 16.00-ден бастап 18.30-ға дейін

Жазғы мерзімде - сағат 16.00-ден бастап 19.00-ға дейін

Сырт киімдеріңізді гардеробқа тапсыруыңызды өтіне сұраймыз.

Біз науқастарымыздың денсаулығына алаңдаймыз, сондықтан мына ережеге бағынуыңызды сұраймыз: стационардағы науқасқа тек бахила мен маска киіп қатынасу.

Науқастарымыздың эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сізге науқастың төсек-орнына отырмауыңызды сұраймыз.

Біздің науқастар психологиялық жайлылықты қажет етеді, сондықтан палаталар мен аурухана дәліздерінде қатты сөйлесуге тыйым салынады. Осы мақсатта, науқас палатасында болған кезде Сізге ұялы телефондарды өшіруді немесе оларды үнсіз режимге қоюды ұсынамыз.

Емделуші үшін емдеу-қорғау режимін сақтау мақсатында туыстардың науқастарға  бару ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.

Эпидемия және тұмау кезеңінде аурудың алдын алу мақсатында науқастарға баруға тыйым салынады. Бөлімше меңгерушісінің жазбаша келісімі бойынша ерекше жағдайларда ғана рұқсат беріледі.  

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу