"ИНТЕРМЕДИКАЛ" медицина орталығы

Қазақстан, Талгар, Рыскулов к-ci, 224А
+7 771 808 85 58

Біз туралы

"Интермедикал" — 2024 жылдың сәуірінде ашылған, Талғардағы көп бейінді медициналық орталық. Біз клиниканы Талғар қаласы мен ауданының тұрғындары толыққанды диагностика, маман кеңесі мен емді үйіне жақын жерде — Алматыға барып, ұзақ кезекте тұрмай — ала алатындай етіп құрдық.

Клиника тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейді және бір шаңырақ астында үш көмек форматын біріктіреді: тәулік бойғы стационар (16 төсек), күндізгі стационар және амбулаторлық қабылдау. Бұл толық циклді — алғашқы кеңес пен диагностикадан бастап отаға және бақылауға дейін — бір жерде өткізуге мүмкіндік береді.

Диагностика. МРТ, КТ және рентген тәулік бойы, оның ішінде түнде және демалыс күндері, алдын ала жолдамасыз қолжетімді. Сондай-ақ УДЗ, ФГДС және зертханалық зерттеулер жүргіземіз.



Мамандар. Штатта 20-дан астам дәрігер: хирург-проктолог, гинекологтар, гастроэнтеролог, кардиологтар, эндокринологтар, невропатологтар, дерматовенеролог, уролог, ЛОР, офтальмолог, травматолог-ортопедтер, педиатрлар, аллерголог, эндоскопистер және УДЗ дәрігерлері.

Біздің ұстанымымыз. Заманауи жабдық, тәжірибелі мамандар және әр пациентке ұқыпты қарау. Мақсатымыз — сапалы медициналық көмекті үйге жақын жерде қолжетімді ету.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу