Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтанда «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясын өткізеді.

Бұл ұран – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады.

Акция аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады;
- жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында "Ашық есік күндері" өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады. Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады.
- білім беру мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіледі.
- Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.

«СТОП туберкулез!» акциясы елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады.
Туберкулез мәселесі дерексіз емес, бұл ауруға әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін және де туберкулезге қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға тәуелді екенін ұмытпайық!

Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу