"Жансая" облыстық балалар оңалту орталығы

Қазақстан, Кентау, Уәліханов к-сі, 1
+7 (72536) 3 82 31

Бас дәрігердің блогы

Менің блогыма қош келдіңіз!

Сіз өзіңіздің сұрағыңызды немесе осы беттегі біздің қызметімізге тілек білдіре аласыз.

Мен сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамын және қажетті ақпаратты ұсынамын.

Құрметпен, Сейтханов Мухитдин Абуович.





Сейтханов Мухитдин Абуович

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, басшы Сейтханов Мухитдин Абуович

Денсаулық сақтау басқармасының 22 сәуір 2019 жылғы №268 бұйрығы бойынша «Облыстық балалар туберкулезге қарсы санаториясы», «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы болып қайта бейімделді.

Орталық 150 төсек-орынға арналған:

1.Неврологиялық – 100 төсек-орын;

2.Ортопедиялық – 25 төсек-орын;

3.Соматикалық – 25 төсек-орын.

Оңалту орталығында жүйке жүйесі органикалық зақымданған, тірек-қимылы бұзылған  балалар  тәулік бойы стационарлық ем қабылдайды. Емделу мерзімі 18 күн.

Орталықта балалар кешенді ем қабылдайды. Медициналық оңалту мамандарымен педагогикалық оңалту мамандары тығыз байланыста, МДК құрылған, қажетті мамандар қайта даярлаудан өткен (координатор,  эрготерапевт, логопед-дефектолог, монтессори-терапия, психолог).

Оңалту орталығына Түркістан облысы бойынша балалар стационарға жатқызу бюросы «Веб-портал» арқылы қабылданады.

Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитацияға бағытталған.

Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі.

Қимыл-қозғалысында ауыр бұзылыстары бар науқасқа күтім жасауды жақсарту үшін, контрактураның алдын алу, әртүрлі этиологияның спастикасын жою мақсатында орталықта А түріндегі ботулотоксин инъекциясы жүргізіледі.


Сұрақ қою

Егер сізде сұрақтар мен ұсыныстар болса бізге жазыңыз

Бұл құпия ақпарат! Электрондық поштаңыз, сізге жауап қайтару үшін қажет

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу