Облыстық офтальмологиялық ауруханасы

Қазақстан, Шымкент, Құрманбеков к-сі, 2 (бұрынғы Тверская к-сі)
+7 (7252) 40 72 14
+7 776 000 88 57

Облыстық офтальмологиялық ауруханасының тарихы

Шымкент қаласында алғашқы көз дәрігерінің қабылдауы 1925 жылдан басталды. Губерн ауруханасының бас дәрігері  Григоч Вячеслав Георгиевич қоса атқарушы көз дәрігері ретінде бір жыл қабылдау жүргізді. 
1924-1925ж.ж. Түркістан ауданында Саратов университетінен Б.Н.Малкин бастаған көзді емдеу топтық дәрігерлері  жұмыс істеді. 
1936 жылы облыс орталығына бірінші окулист Степан Семенович Романович келді. Басында ол облыстық ауруханада көзді емдейтін бір кабинет ұйымдастырып, хирургиялық бөлімшеде көз ауруларын емдейтін үш төсек орын ашты.  Бұл төсек орында шұғыл офтальмохирургиялық көмекті қажет ететін науқастарды емдеді. 
Ұлы Отан соғысы жылдары облыстық аурухананың көз бөлімшесі әскери госпиталдың басты бөліміне қайта бейінделді Бұл кездері бөлімше дәрігерлері майданнан жарақат алып, эвакуацияланған науқастарға жоспарланған және шұғыл көмек көрсетті. 1945-1950 жылдары окулистер соғыста жарақат алған асқынулардың салдарын емдеуді жалғастырды. 
1955 жылы облыстық аурухананың көз бөлімшесі 40 төсек орынға кеңейтілді, Сарыағаш аудандық көз бөлімшелері және облыстық трахоматозды диспансерлер 50 төсек орыннан ашылып, Түркістан және Кентау қаласында 25 төсек орындық көз бөлімшелері ашылды.   
1965 жылы Сергей Константинович Кривцовтың ұсынысымен көз патологиясымен ауыратын науқастарға күтім көрсетуді жақсарту мақсатында, 50 төсек орындық облыстық трахоматоздық диспансері және 40 төсек орындық көз бөлімшесі Қазақ денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, республика бойынша алғашқы 4 микрохирургиялық бөлімшеден, параклиникалық бөлімшелерден тұратын және жылына 150 000 келушілері бар емхана бөлімінен тұратын облыстық көз ауруханасы ашылды.  Көз ауруханасының бас дәрігері ретінде  Сергей Константинович Кривцов тағайындалды.   Емханада ересектер мен балаларды қабылдау кабинеттері, балалардың көру қабілетін қорғау кабинеті, глаукоманы диспансерлік бақылау кабинеті, контактіні түзету және т.б. кабинеттер құрылды.   

27 желтоқсан 2002 жылы аурухана Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық офтальмологиялық аурухана» МКҚК деп қайта аталды. 
2001-2007ж.ж. облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері ретінде  Тлеубергенова Галина Идрисовна тағайындалды. 
2007-2008ж.ж. облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері ретінде  Кривцов Дмитрий Сергеевич тағайындалды. 
2008-2018ж.ж. облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері ретінде  Удербаев Дулат Умирзакович тағайындалды.
2018-2022ж.ж. Облыстық офтальмологиялық ауруханасы Облыстық клиникалық ауруханасына біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды. 

2022 жылдын тамыз айынан бастап аурухана «Облыстық офтальмологиялық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ретінде  қайта жұмыс істей бастады. 
2022-2023ж.ж. Облыстық офтальмологиялық ауруханасы басшысының м.у.а.  ретінде Нурманов Азамат Бахытжанович тағайындалды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы ретінде Чингиз Абжапарович Сеилбеков тағайындалды.  
Қазіргі таңда Облыстық офтальмологиялық ауруханасы Түркістан облысының және Шымкент қаласының офтальмологиялық қызметтерінің басты базасы болып табылады, өз құрылымында 3 микрохирургиялық бөлімше (60 ТМККК төсек орын, 10  төсек орын), күндізгі стационар (45 төсек орындық) кеңес беру диагностикалық емханасы, қабылдау бөлімшесі, ота бөлімі, рентген бөлмесі, орталық зарарсыздандыру бөлімі, ауруханаішілік дәріхана, есеп-қисап бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бар.  
Тұрғындарға кешенді кеңес беру-диагностикалық көмек, науқастарға мамандандырылған офтальмологиялық стационарлық көмек, күндізгі стационар түрінде стационаралмастырушы көмек көрсетеді.  

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу