Басқа мамандануы

Мекенжай: Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71

Байланыс: +7 (7242)... - Көрсету

Мейіргерлердің мерейін үстем еткен мереке 12.05.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Мейіргерлердің мерейін үстем еткен мереке

12- мамыр халықаралық мейіргерлер күні. Аталмыш датаны облыс көлемінде кеңінен атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналып келеді. Осыған орай, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиын барысында өзінің міндетін үздік атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталып, қошеметке бөленді.

Мерекелік жиынды облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Сейілханова ашып берді. Ол өз сөзінде орта буын қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Әрбір маманның орталық жұмысына ерекше үлес қосып отырғанын атап өтті. Мұнан соң, орталық бас дәрігерінің аудит жөніндегі орынбасары Ақтоты Әлназарова да сөз алып, мерейлі мерекеге орай мейіргерлерге тілектестігін жеткізді.

Өз міндетіне адалдық танытып жүрген бірқатар мамандар марапат биігінен көрінді. Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас мейіргері Әтірхан Бихожаев "Мейірім" төс белгісімен марапатталды. Әтірхан Кененұлы 32 жылдан бері медицина саласында абыройлы еңбек етіп келеді.

Жалпы, денсаулық сақтау  саласында мерйіргерлердің атқаратын рөлі орасан. Әрбір науқастың сауығып кетуіне үлесін қосатын мамандар көпшіліктің ризашылығына бөленіп жүр.

Шара соңы мерекелік концертке ұласып, жиналғандар орталық қызметкерлерінің өнерін тамашалады. 










Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары