Басқа мамандануы

Мекенжай: Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71

Байланыс: +7 (7242)... - Көрсету

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 17.05.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Бүгін Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында республикалық психиатрлардың қатысуымен семинар қйымдастырылды. "Қызылорда облысының психикалық денсаулық орталығының жаңа моделін ұйымдастыру" тақырыбында өткен жиында сала мамандары баяндама жасады.

Медициналық көмек қолжетімді болуы тиіс. Бүгінде облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары осы мақсатта абыройлы қызмет жасап келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылдың 31 қаңтардағы №30 бұйрығына сәйкес, 2019-2020 жылдарға арналған психикалық денсаулық қызметін дамытуға арналған "Жол картасы" қабылданды. Осыған орай, үстіміздегі жылдың басынан бастап Қызылорда облыстық наркологиялық орталығы мен облыстық психикалық денсаулық орталығының бірігу процесі басталды. Бүгінде бұл жұмыс аяқталуға жақын. Екі мекеменің қосылу нәтижесінде емдеу мекемесінің жаңа моделі ұйымдастырылып, психикалық көмектің қолжетімдлігі артады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы 4 емханада бастапқы психикалық көмек көрсету орталықтары ашылып, халыққа сапалы қызметін көрсетіп келеді. Біздің орталықта маскүнемділік пен нашақорлыққа шалдыққан науқастар емделетіндігі белгілі. Бұл ретте көпшілігі өз диагноздарын ұят санап, емдеу шараларынан бас тартатындығы жасырын емес. Емханада орналасқан орталықтар негізінен осындай категориядағы емделушілерге қызмет көрсетеді. 


Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары