Басқа мамандануы

Мекенжай: Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71

Байланыс: +7 (7242)... - Көрсету

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының науқастары еңбек терапиясымен емделуде 27.05.2019 жарияланған

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының науқастары еңбек терапиясымен емделуде

2017 жылы Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы жанынан психотерапия және медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылған болатын. Аталмыш емдеу мекемесінің дәрігерлері науқастарды еңбек терапиясы арқылы емдейді. Ем алушылар бақшы егіп, қолөнерімен айналысады. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіс өз нәтижесін көрсетуде.

№7 бөлімше қала іргесіндегі Баймұрат батыр ауылында орналасқан. 40 төсектік мекемеде 30-ға жуық адам ем алады. Науқастар ұдайы білікті мамандардың бақылауында. Мұнда психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, психотерапевтер және психиатр –нарколог дәрігерлер еңбек етеді.

Бөлімшеде жұмыс негізінен 4 бағытта жүзеге асырылады. Бұл; «Еңбек», «Тәртіптік», «Оқу» және «Босшақ». Әр науқас күн тәртібін қатаң ұстануға мүндетті. Ем алушылар бақшада еңбек етіп, көкөніс өнімдерін егеді. Сондай-ақ мамандар ұйымдастырған семинар-тренингтерге қатысады. Түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ем алушыларға кітапхана мен спортзал қызмет көрсетеді. Осылайша бос уақыттарын тиімді өткізетін азаматтар дерттерінен айығып, зиянды әдеттерінен арылуға мүмкін алады. 





Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары