Көпсалалы
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Қосшығұлұлы к-сі, 8
Байланыс: 109; +7 (7... - Көрсету
Астана қаласы №10 Қалалық емханасында шала
туған балаларды күту кабинетінің ашылуы
Катамнез кабинеті жұмысының негізгі мақсаты
туа біткен және перинаталдық патологиямен байланысты әртүрлі созылмалы
аурулардың алдын алу, осы ауруларды ерте диагностикалау, сондай-ақ балалардың
қалыпты өсуі мен дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою болып табылады.
Негізгі басым бағыт күмәнді жаңа туған
нәрестелерді, яғни, шала туған, салмағы аз, сондай-ақ әртүрлі патологиялары бар
шала туған балаларды бақылау болып табылады.
Катамнестикалық қадағалау – күмәнді туған нәрестелерге медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа,
неғұрлым тиімді нысаны.
Катамнез кабинетінде босанатын бөлімшелердің қарқынды терапия палаталарында немесе жан сақтап қалу және жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия бөлімшесінде болған, гипоксия салдарынан жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануының салдары бар, өте ерте туған, салмағы аз, бронх-өкпе дисплазиясы бар, жоғары қозу синдромы бар, гипотониясы бар, гипертензиялық-гидроцефалдық синдромы, ұйқы бұзылыстары, ішек дисбактериозы, лактаза кемшілігі, жаңа туған нәрестенің ұзаққа созылған сарғыштығы, анемиясы бар, мешел, әртүрлі орналасқан гипотрофия, гемангиомасы бар балаларды қадағалау қажет.
Астана, Косшыгулулы к-сі, 8