Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Қосшығұлұлы к-сі, 8

Байланыс: 109; +7 (7... - Көрсету

Онкология: қауіп тудыратын белгілер, ерте диагноз қою 22.01.2019 жарияланған

Онкология: қауіп тудыратын белгілер, ерте диагноз қою

Онкология: қауіп тудыратын белгілер, ерте диагноз қою

Онкология және оның проблемалары туралы адамдардың көпшілігі айтпауға тырысады. Бұл жайында айтуға тыйым салынбаса да, бірақ көпшілігінде теріс ойлар мен тіпті қорқыныш тудырады. Бұл қорқыныш тудыратын аурудың айналасында пайда болған көптеген мифтерге байланысты. Халыққа шындықты айтып, онкологияның алдын алу және онымен күресу тәсілдеріне үйрету үшін 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Қатерлі ісік – ең қорқынышты диагноз. Пациенттер осы диагнозды естігеннен кейін қажиды немесе керісінше өз өмірін түбегейлі өзгертеді. Өкінішке орай, заманауи технологиялардың енгізілуіне қарамастан, медицинада онкологияға қарсы вакцина ойлап табылмады. Онкология туралы ақпаратты саналы түрде жоққа шығаратын көптеген адамдарды осы факт үрейлендіреді.

Бүкіл әлемде 4 ақпанда атап өтілетін қатерлі ісікке қарсы күрес күні онкологиямен байланысты маңызды мәселелер көтеріліп, пациенттер мен дәрігерлер тап болатын проблемалар айтылады.


Қатерлі ісікке қарсы күрес күніндегі іс-шаралардың тақырыбы мен бағыты

Іс-шаралар қатерлі ісіктің алдын алуды насихаттауға бағытталған. Жыл сайынғы қатерлі ісікке қарсы күрес күнінің тақырыбы осы бағытпен тығыз байланысты.

Сонымен 2008 жылы балалар мен жастар үшін темекісіз ортаны құру мәселесі көтерілді. 2009 жылы – дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды қамтитын теңдестірілген өмір салты туралы айтылды. 2010 жылы қатерлі ісікті қоздыруға қабілетті белгілі бір вирустарға қарсы егу мәселелері шешілді. 2011 жылдың тақырыбы өскелең ұрпақты алдын алу шараларына, ең алдымен, агрессивті күнде болудан аулақ болуға үйрету болды. 2013 жылдың тақырыбы: «Қатерлі ісік. Білетін бе едіңіз?». Ал 2014 жылы мифтер әшкереленді. 2016 жылдың ұраны: «Қолымыздан бәрі келеді».

ДДҰ хабарлағандай, 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулардан 84 миллион пациент көз жұмды. Ең қорқыныштысы, бұл жағдайлардың 40% алдын алуға болатын еді. Сондықтан халықаралық қатерлі ісікке қарсы күні өткізілетін іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Екінші бағыт – ерте диагноз қоюдың маңыздылығы мен скринингтік тексеруден өту мерзімін халыққа жеткізу.


Скринингтік зерттеулер

Мұндай талдаулар қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау үшін жасалады. Айта кету керек, скрининг – онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тегін жүргізілетін міндетті процедура. 30 жастан асқан әйелдер үшін жатыр мойны ісігіне ПАП-тест тапсыру ұсынылады. Маммография - сүт бездерінің ісігін ерте диагностикалау үшін 40 жастан асқан әйелдерге ұсынылады. Колоноскопия - 50 жастан асқан ерлер мен әйелдерде тік ішек ісігін анықтайды. PSA-тест қуықалды безінің ісігін анықтау үшін жасалады.

№10 қалалық емханасы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары