Тәуелділікті емдеу
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Хусейн бен Талал к-сі, 7 ғимарат, ЭКСПО ауданы
Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету
2018 жылғы 25 қазанда Наркология
және психотерапия орталығы «Астана медицина университеті» АҚ-тың психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесіп, Ұлттық алкогольден
бас тарту күні (28 қазан) мен оған орайластырылған алкогольді шамадан тыс
қолданудың алдын алу бойынша онкүндік (20-28 қазан) жүргізу
аясында НжПО
дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ «Жалпы медицина»
факультетінің 5-курс студенттері үшін конференция өткізді.
Науқанның негізгі мақсаты – халықтың психиканы
қоздыратын заттарды қолдану салдары жөнінде хабардар болу деңгейін арттыру,
ПБЗ-ға теріс көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан қоғамында есірткі заттары
мен алкогольді тұтынудың әлеуметтік қолайсыз имиджін қалыптастыру.
Конференцияны дайындау мен жүргізуге НжПО
дәрігерлері мен «АМУ» АҚ-тың психиатрия және наркология кафедрасының
ассистенттері қатысты.
Конференция соңында конференцияға
қатысушылардың баяндамалары талқыланып, баяндаушыларға сұрақтар қойылды.
Конференция қорытындылары шығарылды.