Тәуелділікті емдеу

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Хусейн бен Талал к-сі, 7 ғимарат, ЭКСПО ауданы

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс 05.04.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс


2019 жылы 5 сәуірде Наркология және психотерапия орталығының нарколог дәрігері Нұр-Сұлтан қ. ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-де нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Бұл шара ені сау болу - сәнді!" ұлттық бағдарламасы және Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған (7 сәуір) онкүндігі (1.04.19-10.04.19) аясында өтті. Шараға 36 адамнан құралған офицерлік және командалық құрам қатысты.

Акцияның басты мақсаты жеке құрамның психобелсенді заттарды қолданудың салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, ББЗ-ға теріс көзқарасты қалыптастыру және қазақстандық қоғамда есірткі заттарын және алкогольді тұтынудың әлеуметтік қолайсыз имиджін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында дәрігер-нарколог Т.Т. Қойшыбеков бейнероликтер, слайдтық презентациялар көрсетті. Шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өткізілген іс-шараға алғыстарын білдірді. 


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары