Тәуелділікті емдеу

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Хусейн бен Талал к-сі, 7 ғимарат, ЭКСПО ауданы

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу 26.02.2019 жарияланған

Шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу

2019 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы ТЖД "Өрт және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Наркология және психотерапия орталығы объектісінде шартты өртті жою бойынша өрттік-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Мұндай өрттік-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты, бірінші кезекте, өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылын пысықтау болып табылады. Тек оқу-жаттығу арқылы ғана қызметкерлер мен пациенттерді оқыс жағдайларда өз-өздерін жоғалтпауға, ондай жағдай туындағанда қалай әрекет етуді нақты білуге үйрете алатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқу-жаттығуда өрт техникасы мен керек-жарақтар көмегімен эвакуациялау тәсілдері мен амалдары пысықталды. Өртке қарсы қызмет мамандарының бағалауы бойынша оқу-жаттығу тиісті деңгейде өтті. Барлығы сауатты және ойдағыдай өтті.



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары