Басқа мамандануы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында баспасөз конференциясы өтті 14.05.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында баспасөз конференциясы өтті


2019 жылдың 14 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТСқұрбандарын еске алу күні аясында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арнап баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты-ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске түсіру ғана емес, сондай-ақ халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу, бүкіл жұртшылықтың назарын АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелеріне аудару болып табылады.

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов айтуынша, қазіргі уақытта антиретровирусқа қарсы емдеу мен тұрақты медициналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясы ЖИТС сатысына көшпеуі мүмкін, бұл пациенттер өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, 7-8 жыл бұрын Орталықта есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен салыстырғанда, өмір сүру ұзақтығы 2,4 есе өсті. Сондай-ақ, орталық дәрігерлерінің тәжірибесінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендету және дені сау балалардың дүниеге келуі үшін антиретровирустық терапияның жоғары тиімділігі клиникалық дәлелденген жағдайлар бар. Мәселен, анадан балаға АИТВ-ның перинаталдық берілу деңгейі 1% - дан кем.


Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары