Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4

Байланыс: +7 (7252) ... - Көрсету

Эхинококты кистасы 26.01.2022 жарияланған

Эхинококты кистасы

Науқас Р., 2002 ж., Облыстық клиникалық ауруханаға 11.01.2022 ж. «бауырдың оң жақ бөлігінің кернелген эхинококты кистасы». Жүктілік 36 апта диагнозымен жатқызылды. Науқасты амбулаториялық тексеру барысында УДЗ-де бауырдың үлкен гидатидті кистасы анықталды, сондықтан облыстық клиникалық ауруханаға жіберілді. ОКА жағдайында науқасты әрі қарай тексеру мақсатында іш қуысы мүшелерінің МРТ жасалды, онда бауырдың оң жақ бөлігінің зақымдануы анықталды. «№2 облыстық перинаталдық орталықтың» акушер-гинекологының қатысуымен дәрігерлер кеңесі шақырылып, операцияға алдын ала дайындықтан кейін ота жасау туралы шешім қабылданды. 2022 жылдың 14 қаңтарында техникалық қиындықсыз  «кесар тілігі», одан кейін «лапаротомия, бауыр эхинококкоктомиясы» жасалды. Операциядан кейінгі кезең қиындықсыз, асқынусыз өтті. Науқас белсенді, өзін қанағаттанарлық сезінеді.


Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы) - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары