Балалар ауруханалары, Көпсалалы
Мекенжай: Қазақстан, Тереңөзек (Сырдарья ауданы, Кызылординская обл.), Тоқтыбаев к-сі, 13
Байланыс: +7 (72436)... - Көрсету
Перзентхана бөлімшесі өңірлендірудің II-деңгейіне өтті Сардырья орталық ауруханасы Тереңөзек ауылы
Бүгін аудан әкімі Ғ. Қазантаев аудандық аурухана жұмысымен танысып, өңірлендірудің ІІ-деңгейіне өткен жаңа перзентхана бөлімшесінің ашылуына қатысты.
"Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н. Мырзағалиева ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
"Сырдария ауданы бойынша жылына шамамен 800 сәби дүниеге келеді. Оның 15,6 пайызы аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінде өмірге келеді. Қалған жүкті әйелдер облыстық перинаталдық орталықта босанады.Тұрғындар үшін бұл жағдай қиындық тудырады. Сондықтан өңірлендірудің ІІ-деңгейіне өткен жаңа перзентхана бөлімшесін ашуды жөн санадық. Перзентхана бөлімшесі қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді,-деген ауданның бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы аудандық перзентханаға облыстық перинаталдық орталықтан білікті акушер-гинекологтар және неонатологтар тартылғанын атап өтті.
Айта кету керек, ауданның акушер-гинекологтары Алматы қаласындағы "Ұлттық Акушерия, Гинекология және Перинаталогия" институтында және облыстық перинаталды орталықтан "Тиімді технологиялар орталығында" өз біліктіліктерін арттырған.
Жыл аяғына дейін жоспарланған 125 жүкті әйелдің 78-і аудандық ауруханада босанады деп күтілуде. Сонымен қатар, аудандық перзентханада босану көрсеткішін 70 пайызға арттыру жоспарлануда.
ІІ-деңгейлі жаңа перзентхана бөлімшесінің жұмысына жоғары баға берген аудан әкімі денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысына жеміс тіледі.