Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28

Алғашқы қабылдау 1700 KZT

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

"Никотинді витаминге ауыстыр" акциясы 22.05.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

"Никотинді витаминге ауыстыр" акциясы

Бүгінгі күні темекі шегу өскелең ұрпақтың басты мәселелерінің бірі. Себебі, темекі шегу кезінде адам темекі жапырағының түтінімен дем алады. Оның құрамында организмге зиян тигізетін никотин бар, ол әдетті қалыптастырады. Осыған байланысты 2019 жылы 24 мамырда "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне (31 мамыр) орайластырылған икотинді витаминге ауыстыр" акциясын өткізеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – темекі шегуден бас тарту әдістері жөнінде халықты ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Акция барысында біздің қызметкерлер темекі қолданатын емделушілер мен емханаға келушілерге никотинді "Ревит", "Ундевит" витаминдеріне, жемістерге ауыстыруды ұсынбақ. Сондай-ақ, іс-шара барысында темекі шегудің зияны туралы ақпараттық брошюралар тарату жоспарда бар. Адамдар салауатты өмір салтына басымдық береді деген сенімдеміз. Сіз де біздің акцияға қосылып, достарыңызды шақырыңыз!

  

"№ 1 қалалық емхананың" баспасөз қызметі


Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары