Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28

Алғашқы қабылдау 1700 KZT

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Учаскелік педиатрлардың алдын алу жұмыстары 11.12.2018 жарияланған

Учаскелік педиатрлардың алдын алу жұмыстары


Астана қаласының № 1 қалалық емханасында учаскелік педиатрлардың салқын тигеннен болатын ауру кезінде алдын алу жұмыстары

Маусымаралық - ата-аналар үшін маңызды кез. Дәл осы күзде аналар "екі күн балабақшаға барамыз, содан кейін екі апта ауырамыз!" деген секілді бір-бірімен ұқсас әңгімелермен бөлісе бастайды.

Бұл кездейсоқ емес, өйткені күз - бұл тек жапырақтардың түсуі мен егін жинау емес, сонымен қатар күздік иммунитет тапшылығы. Күзгі аурулар үшін дәлелді себептер бар. Біріншісі - ауа райының күрт өзгеруі, салқын ауа-райына адамның иммунитеті төмендейді. Сондай-ақ, күзде көптеген балалар балабақшалар мен мектептерге барады, ол да сөзсіз әсер етеді. Ондай жерде адамдар көп жиналады, бұл да ауруды тудыратын фактор. Сонымен, күзде көбінесе балалар денсаулығына қандай проблемалар әсер етеді?

Балабақша және мектеп жасындағы балалардың арасында ең көп таралған созылмалы аурулары болып созылмалы тонзиллит, атопиялық дерматит, созылмалы пиелонефрит, созылмалы фарингит, сондай-ақ ринит және синусит табылады. Барлық осы сырқаттар салқын тию, жүйке күйзелісі немесе асқыну сатысына өту үшін иммунитеттің төмендеуіне ықпал ететін кез келген басқа факторлармен байланысты болады.

Күн сайын учаскелік педиатрлар қабылдау кездерінде, шақыруларда денені шынықтыру, иммунитетті көтеру, салқын тию тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізеді. Бұдан басқа күз кезінде тұмаудан вакцинациялау, учаскелерде, мектептер мен балабақшаларда МӘМС енгізу кезінде балаларға медициналық қызмет көрсету мәселелерін де қозғайды.

Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары