Көпсалалы
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
Алғашқы қабылдау 1700 KZT
Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету
4 шілдеде «№ 1 қалалық емханада» бастау алған «Ана денсаулығы» акциясы бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бұл игі шара аясында емханаға тіркелген мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары денсаулығын тексертуге мүмкіндік алып отыр. Акция аясында олар терапевт, психолог пен әлеуметтік қызметкердің қабылдауында болды және жалпы қан талдауын, жалпы зәр талдауын тапсырып, қандағы қант деңгейі мен холестерин мөлшерін анықтады. Арасында ЭКГ, флюорографиядан, маммографиядан өткендер де баршылық. Осы уақытқа дейін «Ана денсаулығы» акциясында «№ 1 қалалық емхана» бойынша 48 адам тексерістен өтті.
Шара 4 тамызға дейін жалғасады.