Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Ревакцинация 01.02.2022 жарияланған

Ревакцинация

Ревакцинация – бұл қайта егу. Қайта вакцинациялау бастапқы вакцинациядан кейін 6 айдан соң жүргізіледі. Бұл екпе алғаннан кейін  иммунитетті көтеруге бағытталады. 

 Ревакцинация үшін келесі препараттар қолжетімді: «Vero Cell» («Sinopharm»), «Pfizer» (60 жастан асқандар, медицина қызметкерлері), «Спутник Лайт».

Вакцинация үшін: «Cпутник V» (ІІ компонент), «Vero Cell» («Sinopharm»), «Pfizer» (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге).

Вакцинация келесі мекен-жайлар арқылы жүргізіледі: 

- вакцинация пункті – «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 21, 3 қабат. Жұмыс уақыты сағ. 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін (жұмыс және демалыс күндері).

«Pfizer» препаратымен вакцинациялау және қайта вакцинациялау М. Әуезов к-сі, 24, 7 кабинет (дәрігердің қарап-тексеруі), 6 кабинет (егу пункті). Жұмыс күндері сағ. 10.00-ден бастап 16.00-ге дейін.

«№ 1 қалалық емхана» барлығыңызды коронавирусқа қарсы вакцинация мен ревакцинациядан өтуге шақырады! 


Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары