Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28

Алғашқы қабылдау 1700 KZT

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

"Ана денсаулығы" акциясы 04.07.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 05.08.2019)

"Ана денсаулығы" акциясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де 4 шілде – 4 тамыз аралығында «Ана денсаулығы» акциясы бастау алады. Игі бастама аясында емханаға тіркелген мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын медициналық диагностикалық тексеруден өткізу жоспарда бар.

Акция Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Елорданың туған күнін мерекелеуге байланысты ұйымдастырылып отырғандығын атап өтуіміз қажет.

Акция аясында терапевтің, психолог пен әлеуметтік қызметкердің қабылдауында болуға, жалпы қан талдауын, жалпы зәр талдауын, қандағы қант деңгейі мен холестерин мөлшерін анықтауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар аталмыш шара кезінде ЭКГ, флюорографиядан, маммографиядан да өтуге болады.


С. Сейфуллин к-сі, 28, «Демеу болу» № 105 кабинеті 

М. Әуезов к-сі, 24, «Демеу болу» № 20 кабинет, 

Байланыс телефоны: 32-72-52


Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары