Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Атырау, Нурсая ы.а., 15А

Байланыс: +7 775 374... - Көрсету

Жатыр мойны эрозиясы 26.07.2022 жарияланған

Жатыр мойны эрозиясы


Жатыр мойны эрозиясы - бұл жатыр мойнының вагинальды бөлігінің шырышты қабығындағы ақаулардың пайда болуы. Бұл әр түрлі жастағы әйелдерге кездесетін, ең көп таралған гинекологиялық диагноздардың бірі.

Егер сіз жатыр мойнының эрозиясын асқындырып алсаңыз, онда ол жатыр қуысына ауысады, бұл эндометриттің дамуына әкеп соқтырады. Егер ол мойын каналына әсер етсе, онда цервицит пайда болады. Бұл өте жағымсыз аурулар бедеулікке әкелуі мүмкін.

Егер ЭРОЗИЯ ұзақ уақыт болса және дұрыс ем жасалмаса, онда жатыр мойны жасушалары қайтымсыз өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде жатыр мойны қатерлі ісігі қаупі артады. Ауру іс жүзінде көрінбеуі мүмкін. Тек кейде жыныстық қатынас кезінде болар болмас қан көрінуі мүмкін. Сондықтан эрозияны ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін, тіпті сау әйел жылына кемінде екі рет гинекологқа баруы керек!

Электр қуатының көмегімен күйдіру - эрозияның диатермокоагуляциясы ең көп қолданылатын емдеу әдісі болып саналады. Бұл рәсімді "АМАН САУЛЫҚ" отбасылық денсаулық орталығында білікті гинеколог-дәрігер ТӨЛЕУХАНОВА ЛАЙЛА ТАҢАТҚАНҚЫЗЫ жүргізеді.

Емдеу тағайындамас бұрын гинеколог оны мұқият зерттейді. Сондықтан алғашқы қабылдау мен тексеруден кейін дәрігер тағайындаған кейбір сараптамалардан өту керек:
- флора құрамына жағынды,
- онкологиялық тексеруге жағынды.

Қажет болған жағдайда:
- Кіші жамбас қуысына ультрадыбыстық зерттеу.

"AMAN SAY`LYQ" медицина орталыгы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары