Көпсалалы, Педиатриялық
Мекенжай: Қазақстан, Алматы, Төле би к-сі, 249
Алғашқы қабылдау 2500 KZT
Байланыс: +7 (727) 3... - Көрсету
9 Мамыр біздің санамызда ата-бабабаларымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін қайта жаңғыртқандай әсерде боламыз. Бұл күні бұрынғы Кеңес үкіметі республикаларының қалаларында, соның қатарында Қазақстанның барлық қалаларында совет солдаттарының батырлықтары мен тылдағы ардагерлердің ерен еңбектері еске алынып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі. Осы аталған мереке қарсаңында Алматы қаласының Орталық отбасылық емханасында және Алматы қаласының Орталық стоматологиялық емханасында қайырымдылық шарасы өткізіліп, соғыс және тыл ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғаларды құттықтады.