Балалар ауруханалары
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Молдагулова к-сі, 28
Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету
Құрметті жүкті әйелдер!
15.03.2019 ж. 12 сағ. 00 мин. «№5 Қалалық емхана» ШЖҚ МҚК базасында «№3 Перинаталдық
орталық» ШЖҚ МҚК мамандары «Туберкулезге қарсы диспансер»
ММ және «Балалар аурулары» кафедрасының
қызметкерлерімен бірлесіп, «Жаңа туған нәрестелерді егу – ауыр аурулардан барынша жылдам қорғаудың сенімді
тәсілі!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуді
жоспарлауда.
Перзентханадағы және қарсы көрсеткіштері жоқ барлық
балаларға В гепатитінен және туберкулезден егу ұсынылады. Ата-аналар ұсынылып отырған процедуралардан бас тартпауы тиіс, өйткені олар
баланы жұқпалы аурулардың 95% ауыр зардаптарынан қорғауға көмектеседі. В
гепатитіне және БЦЖ қарсы вакциналаудың теріс салдарға
қарағанда артықшылығы әлдеқайда көп, өйткені барлық
препараттар мұқият бақылаудан және Қазақстан Республикасының аумағында көптеген
зерттеулерден өтеді.
2019 жылдың 2 айы ішінде №3 Перинаталдық
орталықтан 18 бала үйлеріне шықты,
олардың ата-аналары перзентханада БЦЖ екпесінен бас тартты. Ата-аналардың бас
тартуының себебі, ең алдымен, екпелердің пайдасы туралы білімнің жоқтығына байланысты, әсіресе балаға
перзентханада екпе
жасау қажет. №3 Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері психологтармен бірге
өз балаларына туберкулезге қарсы профилактикалық егуден бас тартқан
ата-аналармен және жақын туыстарымен жеке әңгімелесулер өткізеді, вакциналауға тарту бойынша белсенді жұмыстар
жүргізіледі, туберкулезге (БЦЖ) қарсы егуден бас тарту
жағдайларына ерекше көңіл бөлінеді, себебі елімізде туберкулезбен
сырқаттанушылық жағдайы қолайсыз болып қалуда.
«Дөңгелек үстелдің» міндеті - егу
күнтізбесін кезекті қайта басып шығару емес, вакциналауға
«қарсы емес» немесе «қарсы» үгіттемеу (мұндай
моральдық өкілеттіктеріміз жоқ).
Мақсатымыз - жүкті әйелдерге өте маңызды заттар туралы ойлауға
барынша ақпарат беру: өз баласын аурулардан қалай қорғау және қалай оның иммунитетін
нығайту, баланың денсаулығына байланысты кез келген мәселеге қатысты өз
ұстанымын қалай жасау керек. Ата-аналарға екпеден бас тартқан жағдайда, тәуекелдің қаншалықты жоғары
екенін дұрыс бағалау маңызды.