Балалар ауруханалары
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Молдагулова к-сі, 28
Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету
№3 перинаталдық орталықта ашық есік күні
өткізілді, оған елордамыздың 80-ге жуық жүкті әйел қатысты. Болашақ аналар өздерінің жұбайларымен, аналарымен, жақын
туыстарымен бірге болашақта босанатын перинаталдыгқ орталықпен, сондай-ақ оларды
және жаңа туған нәрестелерді медициналық көмекпен қамтамасыз ететін
дәрігерлермен танысу үшін келді.
Көңілді әрі жылы атмосферада қатысушылар босанған соң балаға күтім көрсетуді, емізуді оңайлататын, сонымен қатар өмірге белсене қатысып, барлық жерде үлгеруге көмектесетін біздің серіктестеріміз @kurs_materinstva ұсынған слингті қалай киюге болатынын үйренді..
№3 перинаталдық орталықта йога курсын
жүргізетін Иманбердинова Гүлнар Сейілбековна жамбас қуысының бұлшық еттерінің
байланыс сіңірлерінің аппаратын жаттықтыру және нығайту бойынша оны икемдірек
қылатын жаттығулар көрсетті, бұның нәтижесінде босанған кезде ол нәрестенің
басы өткен кезде, неғұрлым нәзік созылып, босану жолдарының тұтастығы
бұзылмайды.
Босануға дайындық бойынша жаттықтырушы,
медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ Акушерлік және
гинекология кафедрасының доценті, ауыртпалықты толық бақылау, шаршау, босанудан
қорқумен және үреймен жұмыс жасау үшін сәтті қолданылатын вокалдық терапия
өткізді. Бала дыбысты 15-ші аптадан ести бастайды, сондықтан босанған кезде
дауысты дұрыс пайдалана білу анасына өз баласын туған кездегі күйзеліс
салдарынан қорғауға және жеңіл босануға көмектеседі (ғылыми дәлелденген).
Жоғары санатты дәрігер, 35 жылдан астам
еңбек өтілі бар неонатолог Кокарева Ирина Ильинична жаңа туған нәрестелерге
күтім жасау ерекшеліктері, емшекпен емізу принциптері туралы, жүкті әйелдердің
егу, жаялық және баланы бейімдеу туралы сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Тұңғыш Президент Қорының лауреаты, Президенттік оркестрдің солисті Ардақ
Балажанова өзінің шәкірттерімен құттықтау сөзін әнмен шырқап білдірді.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың
профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры, медицина
ғылымдарының докторы Сливкина Наталья Владимировна жеңіл босану үшін міндетті
фактор болып табылатын дұрыс тамақтану принциптері жөнінде әңгімеледі.
Бағдарламаның маңызды бөлігі Dancing for
birth болды, бұл әйелдерді табиғи жолмен босануға шабыттандырады, босанған
кезде ол өзіне өзі сенімді болып, белсенді түрде қатысатын болады. Жүкті
әйелдер іштегі нәрестенің оңтайлы жайғасуына, ыңғайсыздық пен ауыртпалық
сезімін азайтатын босанудың әртүрлі кезеңдеріндегі арнайы қалыптарды үйренді.
Іс-шара көңілді ламбадамен аяқталды, биге барлық қатысушылар қосылды.