Балалар ауруханалары
Мекенжай: Қазақстан, Астана, Молдагулова к-сі, 28
Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету
Астана қаласындағы №3 Перинаталдық
орталықтың консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде босануға дайындық
мектебі жұмыс істейді. Сабақтарды орталықтың тәжірибелі
акушер-гинекологтары жүргізеді.
Әйел босануға қаншалықты жақсы дайындалған болса,
оның эмоциялық әсерлері соншалықты бай, жаңа туған нәрестенің мінез-құлқы тыныш
және ана мен сәбидің бірігуі қуанышты болады. Бұл ретте асқынулардың болмауы
дұрыс физиологиялық босануға сәйкес келеді, себебі сау әйелге тән табиғи сипатқа
ие болады.
Босануға да жүктілікке дайындалған сияқты физикалық және психологиялық жағынан дайындалу
қажет. Бұл жағдайда әйелдер «жұмсақ босану» дегенді сезе алады, бұл өмір кезеңі
туралы естеліктерге ауырсыну, кемсіту, қорғалмаушылық әсерлері ықпалын
тигізбейді. Сондықтан босануға дайындыққа жұмсалған ешбір уақыттың артығы
болмайды.
Босануға дайындық курстарынан барлық
отбасылық жұптар өтуі тиіс. Бұл бірінші баласының дүниеге келуін күтетіндерге
ғана қатысты емес. Екінші және одан кейінгі баланың дүниеге келуі де ата-ананы
көп уайымдайды.
Жүкті әйелдермен сабақ басталар алдында
тұлғаның психикалық-эмоциялық бейінін анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Дайындалмаған
әйелдердің беймазалық деңгейі жиі жоғары болып, кейде тіпті депрессиялық жағдайға
да ұшырайды. Тестілеу нәтижелері сабақтар барысында жеке психологиялық
коррекция үшін пайдаланылады.
Босану кезіндегі ауыртпалықтың
психологиялық компоненті физикалықтан басым болады, сондықтан жақсы
психофизикалық дайындықтан өткен әйелдер ауыртпалық бақытты толқу сезіміне
айналып, босану дәрі-дәрмек арқылы ауырсыздандыруды талап етпейді. Жаңа туған
нәрестелер физиологиялық босанғаннан кейін айқайламай дем алады және туғаннан
кейін 5-10 минуттан кейін тіпті күлімсірей бастайды. Бұл «өмірдің аса қиын кезеңінің»
жағымды әсерлерін көрсетеді, қайта бала тууға алғышарт жасап, босануға дайындық
бағдарламасына үлкен әлеуметтік мән
береді.