Балалар ауруханалары

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Молдагулова к-сі, 28

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Ұлыстың ұлы күні Наурыз - мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі! 20.03.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз - мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі!


Мереке қарсаңында №3 Перинаталдық орталықта өткен «Наурыз тарту» күні ерекше сипатқа ие болды. Оның жоғары деңгейде өтуіне №3 Перинаталдық орталықтың бас дәрігері З.Хамидуллина бастаған ұжым қызметкерлерінің қосқан үлесі зор болды.  

Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Бұл молшылықтың, құт-берекенің жоралғысы саналады. Оған бидай, тары, арпа, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Наурыз көжеге Наурыз бата берілген соң, “ақ мол болсын” деген тілек айтып ішеді.

Перинаталдық орталықтың әкімшілігі тарапынан қызметкерлер мен жүкті әйелдерге Ұлық мейрамның басты дәмі – жеті астың құнары сіңген Наурыз көже мен арнайы пісірілген дәмді ыстық бауырсақ молынан таратылды. 


Баршаңызды ғасырлар қойнауынан бастау алып елімізде ұдайы мерекеленетін берекелі Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүр куәгері осы көктем мейрамы Сіздердің шаңырақтарыңызға жақсылық қуаныш, ырыс әкелсін!

Наурыз  – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі.

Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт - береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі.

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір - біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын ынтымақ - бірлік мерекесі.

Наурыз – жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.

Ұлыстың Ұлы күні  құтты болсын!

Мемлекетіміз – тұғырлы,

Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!

Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке әкелсін!

№3 Перинаталдық орталық - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары