Балалар ауруханалары

Мекенжай: Қазақстан, Астана, Молдагулова к-сі, 28

Байланыс: +7 (7172) ... - Көрсету

Ұлыстың ұлы күні 20.03.2019 жарияланған (Жарамдылық мерзімі 31.12.2019)

Ұлыстың ұлы күні


Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне - міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті.   

Амандық - саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт - дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән - салтанатымен, думанды тойымен, ән - жырымен қарсы алыңыздар.

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Жастарыңыз ұзақ, көңілдеріңіз көтеріңкі, аспандарыңыз ашық болсын!

Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт - береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс - берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен: №3 Перинаталдық орталық ұжымы.



№3 Перинаталдық орталық - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары