Балалар ауруханалары, Көпсалалы

Мекенжай: Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А

Байланыс: +7 (72634)... - Көрсету

Операция 16.08.2024 жарияланған

Операция

Ағымдағы жылдың 15- ші тамызында  Сарысу аудандық орталық ауруханасына Облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, штаттан тыс бас хирургы Жандос Жандарбекұлы Сейдахметов және облыстық көпбейінді ауруханасының хирург дәрігері Алмас Асқарұлы Крылдаков шеберлік сыныбын өткізіп, аудан қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. 

Ота — лапароскопиялық тәсілмен жасалды. Пациент 1985, 1952 жылғы. 1985 жылғы пациент осы уақытқа дейін өт тас ауруы, калькулезді холецистит (өт қабында тастардың болуымен сипатталатын холециститтің ерекше түрі) есепте тұрған, ал 1952 жылғы пациент грыжаның қайталануымен (рецидив), жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, хирургиялық араласу жасалды. Білікті, тәжірибелі мамандардың арқасында ота сәтті өтті.

Сарысу орталық аудандық ауруханасы - барлық жаңалықтар мен акциялар Емханалардың барлық жаңалықтар мен акциялары