Оңүстік Қазақстан облыстық туберкулез қарсы диспансері

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 13/1
+7 (7252) 32 22 26
+7 (7252) 32 20 95

Құрылымы

Шымкент облыстық туберкулез қарсы диспансерінің бөлімі:

  • І-ші терапия
  • 2-терапия бөлімі
  • 3 терапия бөлімі
  • 4-терапия бөлімі
  • Өкпеден тыс хирургиялық бөлім
  • Өкпе хиругия бөлімі
  • Диспансерлік бөлім
  • Мәжбүрлеп емдеу бөлімі
  • Жансақтау бөлімі
  • Рентген-диагностикалық бөлім
  • Клиникалық лаборатория
  • Бактериологиялық зертхана
  • Дәріхана бөлімі

І-ші терапия

Бөлім меңгерушусі - Айымбекова Шахризада Ергалымовна жоғары санатты фтизиатр

ІІ-ші қатардағы  дәріге сезімталдығы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған стационарлық көмек көрсетеді. Бөлімше құрамында 80 төсек бар. Бөлімшеде туберкулездің қайталап ауыратын  науқастар онышаланған. Бөлімшедегі ем: патогенетикалық, симтоматикалық терапиялар және  дәрілерге  сезімталдықты ескеріп, ІІ-ші қатардағы туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер қадағалаумен жүргізіледі. 


     2- терапия бөлімі

Бөлім меңгерушісіНаурызбаева Жанна Спабековна жоғары категориялы жоғары санатты  фтизиатр, жұмыс өтілі 22 жыл

Бөлімше құрамында 50 төсек бар.Көптеген дәріге төзімділігі бар туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған стационарлық  көмек көрсетеді,  ауыр науқастарға  жеке бөлмелер арналған.  Бөлімшеде ем дәріге сезімталдықты ескеріп,резервті катардағы препараттармен жүргізіледі.


3 терапия бөлімі

Бөлім меңгерушісі -   Абдурахманов Асқар Иса-Алиевич бірінші санатты фтизиатр, жұмыс өтілі 7 жыл

Бөлімше құрамында 40 төсек бар. Бактерия бөлмейтін көптеген дәріге төзімділігі бар туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған стационарлық  көмек көрсетеді,  ауыр науқастарға  жеке бөлмелер арналған.  Бөлімшеде ем дәріге сезімталдықты ескеріп,резервті катардағы препараттармен жүргізіледі.


4-терапия бөлімі

Бөлім меңгерушісі - Омашева Шара Бейсенбиевна. Жоғары санатты фтизиатр

Бөлімшеде бацилла бөлетін және бөлмейтін диагнозы алғаш қойылған, сезімталдығы сақталған науқастарға мамандандырылған стационарлық көмек көрсетіледі. Бөлімшеде алғаш туберкулезбен ауырғандар, негізгі қатар препараттарына сезімталдығын сақтап қайталап сырқаттанушылар ем қабылдайды. Бөлімшеде 2 айдан 5 айға деиін қарқынды кезеңнің емі жүргізіледі.


Өкпеден тыс хирургиялық бөлім

Бөлім меңгерушісі - Досжанов Асқар Ешманович

Бөлімше сүйек патологиясы және өкпеден тысқары туберкулез формасымен ауыратындарды емдеуге арналған. Бөлімше омыртқа және ірі буын туберкулезіне реконструктивті- қалпына келтіру операциясын жоғары технология тәсілімен жасайды. Бөлімшенің штатына; гинеколог,  остеохирург, фтизиоуролог енеді.


Өкпе хиругия бөлімі

Бөлім меңгерушісі - Дутбаев Бақыт Ермекович

Мамандандырылған   стационарлы  торакальды  хирургия  бөлімшесі   наукастарға  хирургиялык  көмек  көрсетеді.  Өкпе-хирургия  бөлімшесінде  кеуде  куысына  байланысты  бірнеше  операция  түрлері  жасалады,  яғни олар  өкпенің  экономды  резекциясы,  лобэктомиясы,  комбинирлі  резекциясы,  плевроэктомиясы, торакопластика,  торакоцентез, торакоскопиялык  операциялары. Сонымен катар  өкпенің шұғыл    патологиялык  аурулары жағдайларында жедел түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету. ( Өкпеден  кан  кету, Гидроторакс, Пневматоракс).


Мәжбүрлеп емдеу бөлімі

Бөлім меңгерушісі Сулейманова Жамила Жумадиловна 

Мәжбүрлеп емдеу бөлімі 45 төсек орыннан тұрады.

Бөлімше 1985 ж. ашылған, бөлімшеде науқастар соттың шешімімен мәжбүрлеп емделеді

Бөлімше ҚР кодексі негізінде жұмыс атқарады. 


Жансақтау бөлімі

Бөлім меңгерушісі -  Сейдалиева Айсулу Меирбековна

Ағзаның өмірде маңызды қызметін қалпына келтіруге бағыттылған емдеу шараларының кешенін уақытылы және сапалы жүзеге асырады. Бөлім жаңарған медициналық қондырғылармен жабдықталған.


Созылмалы ауру бөлімі

Бөлім меңгерушісі - Сулейманова Жамила жумадиловна

1Г топта Д есепте тұратын науқастарға ем жүргізуге арналған бөлім.

Бөлімше 15 төсек орыннан тұрады.


 Диспансерлік бөлім

Бөлім меңгерушісі Байдеуов Жамалбек Тілеуович еңбек өтілі 32 жыл -жоғарғы дәрежелі дәрігер фтизиатр.

Емхана бөлімінде 4 фтизиатр дәрігерлер жұмыс жасайды.

Оның ішінде 5-еуі жоғарғы дәреже:лі медбикелер. Емхана қызметкерлері. Пациенттер арасында үнемі туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық ағарту жұмыстарын өткізеді.


Рентген-диагностикалық бөлім

Бөлім меңгерушісі – Сеитова Алуа Агитаевна

Рентгенологиялық тексеру өткізеді және жаңарған рентгенологиялық қондырғымен жабдықталған. Рентгенологиялық әдіс туберкулездің алдын алудың тиімдісі болып табылады. Кейбір жағдайда науқасқа дұрыс рентгенологиялық тексеру жүргізгеннің арқасында диагноз қойылады. 

Соңғы жылдары туберкулездің алдын алуда томография үлкен орынға ие болып отыр. Бұл әдіс өкпе тамырының жағдайын, өкпе тканьдарының ыдырауын және жергілікті ошақты айқынырақ анықтауға мүмкіндік береді.

Туберкулезге қарсы диспансер тұрғындарға туберкулезді анықтау, емдеу және диагностикалау бойынша тегін медициналық көмек көлемін көрсетеді.

Рентген-диагностикалық бөлімшеде мынандай тексерулер түрі өткізіледі:

- кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы

- кеуде қуысы органдарының рентгеноскопиясы

- сүйек – буын жүйесін рентгенологиялық зерттеу, спондилография

- өкпе томографиясы

- зәр шығару жүйесінің айқындылық урографиясы

- қарама –қарсылық сальпингографиясы

- айқындылық фистулографиясы

Ультра дыбыстық зерттеу бөлімшесінде зерттеудің келесі түрі жүргізіледі:

- қалқанша безге, сүт бездеріне, лимфа түйіндерінің жоғарғы жағына, іш қуысының (ұйқы безіне, бауырға, өтқалтасына, көкбауырға)ультра дыбыстық зерттеу;

- іш қуысы кеңістігіндегі органдарды(бүйрек) УДЗ

- кеуде қуысы органдарының(плевральді қуыс) УДЗ

- эхокардиография

- әйелдердің кіші жамбас ағзаларын, еркектердің қуыс бездерін УДЗ

Функциональдық диагностика кабинетінде: 

- ЭКГ

- спирометрия

- күре тамыр қысымын(СМАД) тәуліктік мониторлеу

Эндоскопия кабинетінде:

- фибробронхоскопия

- фиброгастродуоденоскопия

- эндотрахеальды құю

Физиоемдеу кабинетінде:

- УВЧ терапиясы

- ингаляция

- ультрадыбыс

- электрофорез 


Клиникалық лаборатория

Зертхана меңгерушісі - Турсунханова Раушан Калиевна.1-ші санатты стажы 25 жыл

Жалпы клиникалық тексеру түрлері:

1) Гемотологиялық (Жалпы қан сараптамасы)

2) Клиникалық ( Жалпы несеп сараптамасы,малярия, нәжіс, капрология, жұлын ми сұйықтығы, сары су және гинекологиялық жағынды сараптамалары).

3)  Серологиялық (Иммуно-ферменттік сараптама В, С, және туберкулез,микрореакциялық, қан тобын анықтау және резус).

4) Биохимиялы (АЛТ, АСТ, Билирубин, тимолдық сынама, креатинин,мочевина, жалпы нәруыз, холестерин, А- Амилаза, триглицерид, қанның қанттылығы, реберга сынамасы, электролиттер, КЩС, ревмо сынамасы, коагулограмма.

Клиникалық зертханада диогностикалаудың заманауи тәсілдері  қолданылады. Гемотологиялық, биохимиялық анализаторлармен және жаңарған микроскоппен жабдықталған.

1)  Гемотологиялық анализатор МЕК-6400

2) Несеп анализаторы Labu Reader Plus

3) Биохимиялық анлизатор Cobas-111

4) Микропланшеттік фотометр I MARK

5) Электролиттік анализатор Eisy Lyte

6) КЩС анализаторы  Eisy Stat

Нәтиже шапшаң және анық беріледі.


Бактериологиялық зертхана

Бөлім меңгерушісі - Утегенова Назира Тасмановна

Бактериологиялық зертханада  туберкулездің екі негізгі микробиологиялық әдісі қолданылады: қақырық жағындысының микроскопиясы және қақырықтың бактериологиялық тексерілуі.

Тексерудің микробиологиялық әдісінің маңызы:

- туберкулездің ерте диагностикасы үшін тиімді;

- туберкулез дертін анықтау үшін тиімді;

- емнің тиімділігі мен клиникалық дамуын бақылауға мүмкіндік береді;

- пациенттің бацилобөлгіштік деңгейін бағалауға мумкіндік береді;

- жұқпалылықты анықтау.

Диспансердің бактериологиялық зертханасында туберкулезді микробиологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады :

1)Туберкулезді микробиологиялық диагностикалаудың жылдамдатылған тәсілі және МБТ туберкулезге қарсы препараттарға (BAKTEK) сезімталдығын тездетіп анықтайды. (микобактерияның детекциясы үшін және оның дәрілік препаратқа сезімталдығын анықтайтын толық автоматтандырылған жүйе):

 -  Жылдам және нақты нәтиже.

- Сезгіштігі жоғары  флуоресцентті технология.

- Эксплуатациялаудың қарапайымдығы және ыңғайлылығы .

- Бактериологиялық зерттеу стандартизациясы .

-  Дәріге сезімталдық нәтижесінің автоматты интерпретациясы.

- 1-және 2-қатардағы препаратқа дәрілік сезімталдықты анықтау мүмкіндігі.

-  Бір уақытта 960 үлгіні зерттеу (жылына 8000тест).

-  Жұмыс кезінде персоналдың жоғары дәрежедегі қауіпсіздігі.

- Компьютерлік мәлімет базасына және зертханалық ақпарат жүйесіне қосылу мүмкіндігі.

2)Туберкулезді молекулярлы-генетикалық диагностикалау әдісу (Gene Xpert). 

Gene Xpert тест –жүйесінің артықшылығы:

-  Жұмыстың қарапайымдылығы.керекті реагенттер бірге болады. 

- Тәсілі үмітті. 

-  Нәтиже шапшаң алынады 2 сағат ішінде .

- Сынаманы жасау  қауіпсіз.

- Рифампицин  дәрісіне сезімталдықты анықтайды.

- Реагенттер бөлме температурасында сақталынады.   

- Жұмыс кезінде персоналдың жоғары дәрежедегі қауіпсіздігі.


Дәріхана бөлімі

Бөлім меңгерушісі - Калменов Мухит Сламханович

ОҚО ДСБ "Облыстық туберкулезге қарсы диспансер" КММ-нің дәріханасы 1962 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейіін туберкулезге қарсы күрес қызметіне өз үлесні қосып келеді. Дәріхана алғаш ашылған кезде облыстық туберкулезге қарсы  диспансер балансында болған және  штаты 5 адамнан құралған.  1981 жылға дейін облыстық және қалалық туберкулезге қарсы диспансерлерге ортақ қызмет көрсететін ауруханааралық дәріхана болған. Дәріхана науқастарды дайын дәрі-дәрмектермен және  медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ете отырып,  әр түрлі қажетті  дәрілік заттарды өздері дайындаумен де айналысқан. 1981-1996 жылдары аралығында дәріхана  Шымкент облыстық  дәріхана басқармасының балансына өтті, бірақ дәріхана диспансер ғимаратында орналасқандықтан келісім-шарт арқылы туберкулезге шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіп отырды. 1996 жылдан бастап дәріхана облыстық туберкулезге қарсы диспансер балансына қайтарылып беріліп, штаты 8 адамга бекітілді. Қазіргі таңда дәріхана штаты 9 адамға өзгертіліп, диспансердің бір бөлімшесі ретінде туберкулез дертіне шалдыққан науқастарды сапалы түрде дәрі-дәрмектермен және  медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіп келеді. Дәріхана облыстық туберкулезге қарсы диспансерге қосымша  басқа қалалық, аудандық туберкулезге қарсы диспансерлерді, шипа-жайларды республикалық бюджет есебінен тегін берілетін туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу