Оңүстік Қазақстан облыстық №2 перзентханасы

Қазақстан, Шымкент, Рашидов к-сі, 29/3 (Әл-Фараби ауданы)
+7 (7252) 50 20 02
+7 (7252) 50 37 97
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дүниеге келген үшем


Дүниеге келген үшем №2 Облыстық перинаталдық орталық

Тұңғышын күткен ата-аналарын қуантқан Зухра, Тахир және Фатима есімді сәбилер Түркістан облыстық №2 перинаталдық орталықта 28 тамызда келді.

Операция арқылы дүниеге келген үшемнің жағдайы бастапқыда ауыр болды.

Бірінші сәбидің салмағы 1400 г, екіншісі небәрі 985 г болса, үшіншісі 1260 г ғана болатын. Балалардың өкпелері әлі ашылмағандықтан опрациядан кейін жан сақтау бөліміне жатқызуға тура келді. Бала күтімі жөніндегі медициналық қызметкерлердің тынбай еңбек етуінің арқасында сәбилердің жағдайы дұрысталып, салмақ қосты. Бүгін үшемдің дүниеге келгеніне 45-ші күн. Бірінші баланыкі 2315 г-ға жеткен, екіншіміздікі 1766 г, үшіншіміз 2160 грамға жетті.

Жас босанған Изатуллаева Шахноза өзінің үшемге жүкті екендігін бірінші айында-ақ білгендігін, бірақ сенбегендігін айтады. "Өткен жылы 28 тамызда тойымыз болған еді, шаңырақ құрғанымызға бір жыл толғанда үш перзентті болып отырмыз", - деп қуанышын жасыра алмады жас ана.

Шахнозаға жүктілік кезінде енесі көмектессе, сәбилерін уақытынан ерте әкелгеннен кейінгі күтіміне қайынсіңлісі күндіз-түні қасында болып, жәрдем беріпті. 23 жасында тұңғыш босанған жас ана бірден екі қыз, бір ұлды болғанына аса қуанышты. Отағасының жасы 25-те, екеуі де ұстаз болып қызмет етеді. Айта кетерлігі, Түркістан облыстық №2 перинаталдық орталығы осы жылдың басынан бері үшінші үшемді үйіне шығарып салып жатыр.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу